Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ мен MOL Group Рожков кен орнын игеру барысын қарастырды

01.06.2026

Баку қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Мажарстанның MOL Group корпорациясының барлау және өндіру жөніндегі атқарушы вице-президенті Жомбор Мартонмен кездесті.

Өзара ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен жоспарлары талқыланды. Атап айтқанда, Батыс Қазақстан облысында орналасқан Рожков кен орнын игеру жөніндегі бірлескен жобаның іске асу барысы қаралды. Қазіргі кезде кен орнында бес өндіруші ұңғыма пайдалануға берілген. 2025 жылдың қорытындысы бойынша 469 млн м³ шикі газ бен 344 мың тонна газ конденсаты өндірілді.

Рожков кен орнын жайластыру жобасының 2-кезеңі аясында газ өндіру көлемін тәулігіне 1,6 млн м³ деңгейінде ұстап тұру үшін тағы үш ұңғыманы консервациядан шығару, сондай-ақ газ өндіру деңгейін тәулігіне 2 млн м³ дейін ұлғайту көзделген.

Бұған дейін хабарланғандай, бұл жобаның әлеуметтік маңызы зор – Рожков кен орнының өңделген сұйытылған көмірсутек газы Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары халқының қажеттілігін қамтамасыз етуге жіберіледі.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық негізгі бағыт бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуге келісті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>