Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Қашаған кен орнындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты

29.10.2022

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 28 қазанда Қашаған кен орнына барып, «Болашақ» зауытындағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясының басқарушы директоры Оливье Лазар «Болашақ» мұнай және газды кешенді дайындау зауытының газды алдын ала іріктеу қондырғысындағы жөндеу жұмыстарының ағымдағы жағдайы туралы баяндады.

Өз кезегінде М.Мырзағалиев нысандарды аралау кезінде жөндеу жұмыстарын тезірек аяқтау қажеттігін атап өтті.

Қазіргі уақытта өндіру деңгейін қалпына келтіру бойынша барлық механикалық жөндеу жұмыстары аяқталды, қондырғы бірнеше күнде пайдалануға беріледі деп күтілуде.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев бұған дейін қыркүйектің 2-сі күні Атырау облысына жұмыс сапары аясында Солтүстік Каспий жобасының өндіріс нысандарын аралады. Сол кезде ҚМГ басшысы қондырғыда проблемалар тудырған себептерді анықтау бойынша тексеру бағдарламасымен танысты.

Еске сала кетейік, 3 тамызда Қашағанда «Болашақ» мұнай мен газды кешенді дайындау зауытының жұмысы газ кету белгілерінің анықталуына байланысты тоқтатылды. Тамыздың 9-ы күні мұнай өндіру ішінара тәулігіне 100 мың баррельге дейін, 30 қыркүйекте тәулігіне 210 мың баррель деңгейіне дейін қалпына келтірілді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>