Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жетібайда кен орнын басқару орталығы іске қосылды

30.03.2026

ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ деректерді цифрландыру мен орталықтандыру арқылы мұнай өндіру тиімділігін арттыру мақсатында Кен орнын басқару орталығын пайдалануға берді.

Бұған дейін ұңғымалардың, топтық қондырғылардың және басқа да технологиялық нысандардың жұмысы туралы мәлімет түрлі ақпараттық жүйелерде орналасқан болатын. Кен орнын басқару орталығын іске қосу нәтижесінде негізгі өндірістік нысандардан түсетін деректер бірыңғай цифрлық платформаға біріктіріліп, диспетчерлік қызметкерлерге нақты уақыт режимінде дер кезінде жеткізіледі.  

Жоба өндірістік мәліметтерді жинау мен талдаудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруды, технологиялық процестерді басқарудың жеделдігін арттыруды, сондай-ақ жабдықтың жұмысын талдау мен болжау үшін заманауи сараптамалық құралдарды енгізуді көздейді. 

Диспетчерлік қызметкерлер үшін қолайлы еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды: жұмыс аймақтары мен тұрмыстық үй-жайлар жаңартылды.

Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында ҚазМұнайГаз енгізіп жатқан цифрлық шешімдер айрықша маңызға ие екенін атап өткен жөн. ҚМГ компаниялар тобы мұнай өндіру тиімділігін арттыруға және өндірістік процестерді оңтайландыруға бағытталған цифрлық шешімдерді жүйелі түрде енгізіп келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>