ҚазМұнайГаз өз кен орындарында еңбек жағдайларын жақсартуды жалғастырып келеді
07.11.2025
ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға бағытталған Жол картасы аясында жатақханаларды жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қаржыландырудың жалпы көлемі — 1,1 млрд теңге.
▪️Қазіргі уақытта «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында №8 және №9 блоктардың жатақханаларында жөндеу жұмыстары толық аяқталды.
▪️№10 блок нысанында жұмыстар аяқталғаннан кейін берілген ескертулер бойынша іс-шаралар атқарылуда.
▪️№11 блоктың жатақханасында жөндеу 30% орындалды, инженерлік жүйелерді монтаждау және әрлеу жұмыстары жүруде.
▪️№15 блоктың жатақханасына қатысты тендерлік рәсімдер жүргізілуде.
Барлық жұмыс бекітілген мерзімдерге сай орындалып жатыр.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басты басымдықтарының бірі — еңбек жағдайларын жақсарту, сондай-ақ қауіпсіз өндірістік процесті қамтамасыз ету.