Асар кен орнында жаңа топтық қондырғы пайдалануға берілді
09.06.2026
ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Асар кен орнында жаңа №4 топтық қондырғыны пайдалануға берді.
Жоба жаңа ұңғымаларды бұрғылау есебінен өндіріс көлемін ұлғайту және мұнай жинау мен тасымалдау жүйесін жетілдіру қажеттілігіне байланысты жүзеге асырылды.
Жаңа топтық қондырғының құрамына автоматтандырылған топтық өлшеу қондырғысының алаңын, мұнай қыздырғыштарын, сепарациялау қондырғыларын, мұнай айдау сорғыларын қоса алғанда, заманауи технологиялық жабдықтар кешені кіреді. Қондырғының орнатылған қуаты – 365,7 кВт.
Автоматтандыру және қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылған. Бақылау жүйесі технологиялық жабдықтың автоматтандырылған жұмысын, негізгі процестерді қашықтан басқаруды, газдану деңгейі мен өртке қарсы дабылын үздіксіз мониторингілеуді, сондай-ақ сымсыз байланыс арқылы деректерді беруді қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар нысанда қызметкерлердің ыңғайлы әрі қауіпсіз жұмысы үшін қажетті инженерлік жүйелермен жабдықталған операторлық ғимарат салынды.
Жаңа қондырғы кен орынның өндірістік инфрақұрылымының маңызды бөлігіне айналып, мұнай өндіру процесінің сенімділігі мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өз кен орындарындағы өндірістік нысандарды жаңғырту және жаңа технологияларды енгізу арқылы мұнай өндірудің тиімділігі мен қауіпсіздігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыра береді.