Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Маңғыстаумұнайгаз» 60 жылдығын атап өтті

02.09.2023

Отандық мұнай-газ саласының іргелі кәсіпорны, тарихы тереңнен бастау алатын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 60 жылдығын тойлады. Мерекелік шара Ақтау қаласындағы Абай атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтті.

Салтанатты жиынға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев, Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнайшы-ардагерлері мен қызметкерлері қатысты.

Мағзұм Мырзағалиев құттықтау сөзінде «Маңғыстаумұнайгаздың» өңірдегі, жалпы еліміздегі мұнай саласына қосқан үлесі айрықша екенін атап өтті. Кәсіпорынның басты өндіруші активі – Жетібай кен орнында 1961 жылы Маңғыстау түбегіндегі алғашқы мұнай атқылады. Сонымен қатар, ҚМГ Басқарма төрағасы соңғы 15 жылға жуық уақыт ішінде «ҚазМұнайГаз» кәсіпорынның кен орындарын Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірлесе игеріп келе жатқанын тілге тиек етті.

«Артында өшпес із қалдырып, егеменді елінің игілігі үшін аянбай тер төккен азаматтарға, ардақты ардагер ағаларымызға бас иіп, алғыс айтамын. Жетібай мен Қаламқас кен орындарының бай тарихының артында табиғаттың қатал мінезіне қабырғасы қайыспай қарсы тұратын, шар болаттай шыңдалған еңбек адамы тұр», - деді М.Мырзағалиев мерекелік шара қатысушыларына арналған сөзінде.

«Маңғыстаумұнайгаз» көп жылдар бойы Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші компаниялардың қатарында. Стратегиялық серіктесіміз — CNPC компаниясына еліміздің мұнай-газ кешенін дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін алғыс білдіремін», — деді ҚМГ басшысы.

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мерейлі межесін үлкен жетістіктермен қарсы алды. Жыл сайын 6 млн тоннадан астам мұнай игеретін компания өңірде мұнай өндіру көлемінің 31%-нан астамын және Қазақстан аумағында шамамен 8%-ын қамтамасыз етіп отырған іргелі кәсіпорын.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>