Тарихи меже: Маңғыстаумұнайгаздың кен орындары игеріле бастағаннан бері өндірілген мұнай көлемі 300 миллион тоннаға жетті
26.06.2026
Бұл – уақытпен үндескен еңбек пен төзімнің, маңдай термен машақаттың, талай ұрпақ мұнайшысының табанды тірлігінің нәтижесі.
Негізгі өндірістік игеру жұмыстары Қаламқас және Жетібай кен орындарында жүргізілуде. Бұл кен орындарының үлесіне алынатын қорлардың шамамен 90% тиесілі.
Бүгінде ММГ Қазақстан Республикасының ірі салық төлеушілердің қатырына кіреді. Айта кетейік, компания әлеуметтік нысандардың құрылысын жүргізіп, жергілікті инфрақұрылымды дамытуға және басқа да маңызды жобаларды тұрақты түрде іске асыру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып келеді.