Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Вашингтонда Black Sea Energy and Security конференциясына қатысты

20.11.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Вашингтон қаласында (АҚШ) өткен Black Sea Energy and Security конференциясының «Еуропадағы энергетикалық қауіпсіздік» панельдік сессиясына қатысты.

Конференцияның ұйымдастырушылары – Energy Academic Group of the US Naval Postgraduate School және Atlantic Council in Turkey & Turkey Programs Center.

М.Мырзағалиев панельдік сессия қатысушыларына Қазақстанның әлемдік энергетика аренасындағы ұстанымын таныстырды. Қазақстан — континенттегі жалпы сұраныстың шамамен 10%-ын қамтамасыз ете отырып, Еуропаға мұнайдың ірі жеткізушісі.

ҚМГ басшысы Қара теңіз аймағы Қазақстан үшін зор маңызға ие, себебі ол сауданың дамуына ықпал етіп, әлем нарықтарына шығуын қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл теңіздегі байланыстарды нығайтады, экономикалық белсенділікті жандандырады, сондай-ақ Қара теңіз және Еуропа елдерімен геосаяси қарым-қатынасты кеңейтеді. Каспий құбыр консорциумы (КҚК), өз кезегінде, көмірсутектерді Қазақстаннан Еуропаға қауіпсіз әрі сенімді тасымалын қамтамасыз етеді.

«Каспий құбыр консорциумы жұмысының тұрақтылығы және транзиттің қауіпсіздігі — бұл энергия көздерін үздіксіз жеткізудің басты факторлары. Олар өңірдің экономикалық тұрақтылығына және дамуына ықпал етеді. Қара теңіз аймағында тұрақтылықты сақтауда дипломатиялық күш-жігер мен диалог жүргізу ерекше рөл атқарады», — деді панельдік сессия барысында М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар ҚМГ басшысы АҚШ Мемлекеттік департаментінің шенеуніктерімен келіссөз жүргізді. Атап айтқанда, М. Мырзағалиев АҚШ президентінің Халықаралық энергетикалық қауіпсіздік және инфрақұрылымдық инвестициялар жөніндегі арнайы үйлестірушісі Амос Хохштейнмен, Энергетикалық ресурстар бюросында АҚШ Мемлекеттік хатшысының халықаралық энергетикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі Джеффри Пайеттпен, АҚШ энергетика министрлігінде Африка, Таяу Шығыс, Еуропа және Еуразия елдері бойынша мемлекеттік хатшының көмекшісінің орынбасары Джошуа Вольцпен, Экономика және іскерлік мәселелер жөніндегі бюросының мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары Эрик Вудхаузпен кездесті.

АҚШ конгрессмендерімен де жеке кездесті. Солардың ішінде Сыртқы істер комитетінің мүшесі Григорий Микс, Табиғи ресурстар комитетінің мүшесі Уэсли Хант, Сыртқы істер комитетінің төрағасы Майкл Маккол, Табиғи ресурстар комитеті төрағасының орынбасары Даг Ламборн бар.

ҚМГ басшысы Америка тарабын Қазақстан мұнайының экспорттық бағыттарын әртараптандыру және Транскаспий бағытын дамыту бойынша атқарған жұмыстарымен таныстырды. ҚМГ 2022 жылдың наурыз айында Теңіз кен орнының мұнайын Ақтаудан Джейхан порты бағыты бойынша (Баку-Тбилиси-Джейхан құбыры) жеткізе бастады.

«ҚазМұнайГаз» КҚК акционерлері — халықаралық мұнай компанияларымен бірге АҚШ, Ұлыбритания және Еуропалық одақпен сындарлы диалог жүргізіп келеді. Қазақстан мұнай экспортына аталған екі елдің және Еуроодақтың заңнамалары бойынша санкция салынбайтынын атап өтеміз. Бұл Қазақстан үшін де, әлемдік энергетикалық нарықтың тұрақтылығы үшін де маңызды», — деді Вашингтондағы кездесулер барысында М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>