«Мирный» ЖЭС серіктестері жел паркінің құрылыс барысымен танысты
21.08.2026
«Ақтас Энерджи» ЖШС бірлескен кәсіпорынның серіктестері — «KMG Green Energy» ЖШС, TotalEnergies Renewables S.A.S. және Qazaq Green Power PLC компаниясының өкілдері Жамбыл облысының Мойынқұм ауданындағы «Мирный» жел электр станциясының (ЖЭС) құрылыс алаңына барып, көшпелі кеңес өткізді.
Тараптар жобаның іске асу барысына баға беріп, алда атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын айқындады.
Жоба белгіленген қуаты 1 ГВт болатын ЖЭС-ті, 600 Мвт•сағ электр энергиясын жинақтау жүйесін және тиісті желілік инфрақұрылым салуды көздейді. Жел паркі 150 жел энергетикалық қондырғысынан тұратын болады.
Сапар барысында қатысушылар құрылыс алаңының негізгі учаскелерін аралап, алаңды дайындау, ішкі жолдарды төсеу жұмыстарының жай-күйімен, сондай-ақ инженерлік инфрақұрылым нысандарын салу барысымен танысты. Жұмыстар кестесіне, мердігер ұйымдарды жұмылдыруға және өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Айта кетейік, жаңа ЖЭС еліміздің оңтүстік өңірлерін энергиямен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға және жаңартылатын энергия көздерінің үлесін ұлғайтуға ықпал етеді.