Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ бастапқы геологиялық барлау бастамасын ұсынды

06.01.2023

Соңғы жылдары «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) геологиялық қызметі Қазақстан Республикасының шөгінді мұнай-газ алаптарын зерделеуді қайта қарап, тарихи материалдарды талдау, геологиялық-геофизикалық деректерді өңдеу және алаптық модельдеуді құру бойынша ауқымды жұмыс жүргізді.

Нәтижесінде ҚМГ-нің геологиялық барлауды дамыту тұжырымдамасы қайта қаралды. Негізгі тұжырымдардың бірі – перспективалы жоба алғышарттары бар, бірақ объектілерді контурлау және барлау бұрғылауын орнату үшін қазіргі заманғы геологиялық-геофизикалық деректер жеткіліксіз бұрын игерілмеген учаскелерді бөліп алу және зерделеу қажеттілігі болды. Осындай зерттеу мақсатында «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» туралы кодексте Жер қойнауын геологиялық зерттеу тетігі көзделген.

Тәуелсіздік жылдарында ҚМГ алғаш рет ауқымды көлемде жер қойнауын зерттеуге бастамашы болып отыр. Өңірлік ауқымдағы бастапқы геологиялық барлау лицензия негізінде жүргізілетін болады, ал бұрын компания бұл жұмысты келісімшарт арқылы (барлауға немесе өндіруге арналған нақты міндеттемелермен) қолда бар базалық зерттеулер негізінде жүзеге асырған. Алайда, бұл деректердің көп бөлігі геологиялық барлау саласындағы жаңа технологияларды қолдану үшін заманауи сапа талаптарына сәйкес келмейді.

Жер қойнауын геологиялық зерттеу механизмін қолданатын зерттеулер ғылыми-техникалық жоспарға сай және перспективалы, алайда жер қойнауының аз зерттелген бөліктеріне көзделген. Бұл – геологиялық деректердің бастапқы жиынтығы, ол зерттелетін аумақтардың құрылымы туралы іргелі білім алуға және олардың қаншалықты перспективалы екенін анықтауға көмектеседі. Жұмыс нәтижесі бойынша  жер қойнауын пайдалануға беруге, яғни контурлау (барлау мен кейіннен мұнай-газ өндіру) туралы шешім қабылдауға болады.

Осы зерттеу мақсаттары бойынша Қазақстан Республикасының негізгі мұнай-газ алаптары шегінде жаңа бес аймақтық учаске анықталды:

  1. Мұғалжар (Ақтөбе облысы)
  2. Березовский (Батыс Қазақстан облысы)
  3. Жарқын (Маңғыстау облысы)
  4. Болашақ (Маңғыстау облысы)
  5. Солтүстік Өзен (Маңғыстау облысы).

Әрбір учаскенің мұнай және газ табудың жеке перспективалы тұжырымдамасы бар. Дегенмен зерттеудің қазіргі кезеңінде жер қойнауын пайдалануға келісімшарт алу әлі ерте, себебі бірқатар геологиялық белгісіздігі бар, оларды нақты сейсмобарлау жүргізу арқылы анықтау қажет.

Бұл жер қойнауын геологиялық зерттеу жобасы ҚМГ инвестициялық жобалар тізбесіне енді, оның күрделі шығындары 29,5 млрд теңге сомасында есептелді. Компания-оператор болып «KMG Barlau» ЖШС анықталды. Барлық 5 учаске бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алынып, сейсмобарлау жұмыстарына дайындық басталды.

Сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу 2023-2025 жылдарға жоспарланып отыр, соның ішінде сейсмикалық деректерді өңдеу мен талдау және геологиялық техникалық баға беру (жаңа деректерді ескере отырып) жұмыстары да бар. Бағалау нәтижелері бойынша 2025 жылы жер қойнауын пайдалануға келісімшарт алу туралы шешім қабылданады деп күтіледі.

Жер қойнауын геологиялық зерттеу жобасы ҚМГ үшін жаңа бағыт және ҚМГ-нің геологиялық барлау жұмыстарын күшейту мен ауқымын кеңейтуге, жаңа перспективалы аймақтарды іздеуге және ҚР мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыруға бағытталған даму стратегиясының векторын айқындайды. Жоба дала жұмыстары барысында заманауи технологияларды қолдана отырып, сонымен қатар геологиялық тәуекелдерді азайту мақсатында деректерді өңдеу/талдау жолымен іске асырылады. Жоба шығынын өтеу жолдары пысықталуда, соның ішінде стратегиялық серіктестерді тарту және зерттеу нәтижелерін сату мүмкіндіктері да қаралып жатыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>