Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ метан шығарындысын азайтуға дайындалуда

14.09.2023

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Carbon Limits халықаралық компаниясымен (Осло қ., Норвегия) бірлесіп, 11-13 қыркүйек аралығында ҚМГ-нің еншілес және тәуелді компанияларының өндірістегі қызметкерлеріне арнап мұнай-газ секторында метан шығарындысын азайту мәселелері бойынша тренинг өткізді. Шараға ЮНЕП пен Қазақстан Республикасындағы Еуропалық Одақ делегациясы қолдау көрсетті.

Семинар ұлттық компанияға қарасты мекемелердің қызметкерлерін Қазақстанның «Global Methane Pledge» метан шығарындысын азайту жөніндегі жаһандық бастамасына қосылған жағдайда бірігіп атқаруға алдын ала дайындық жүргізу үшін ұйымдастырылды. Бұл бастама метан көлемін 2030 жылға қарай 2020 жылғы деңгейінен 30%-ға бірлесе төмендетуге бағытталған.

Тренинг барысында метан шығарындысын анықтау, өлшеу және көлемін бағалау әдістері мен технологиялары, спутниктік технологиялардың түрлері, газды утилизациялау және ағып кетудің негізгі көздерін анықтау мәселелері, сондай-ақ, оларды жою тәсілдері талқыланды.

Сонымен қатар, тренинг қатысушылары Carbon Limits компаниясы әзірлеген Methane Inventory Systematic Tool (MIST) бағдарламасы негізінде атқарылатын жұмыспен танысты. MIST метан шығарындысын түгендеу жабдықтарын баптау және оларды азайтудың негізгі шараларын анықтау үшін тың зерттеулерді қолданады.

Айта кетсек, метан – негізгі парник газдардың бірі. Ол жерге түсетін жылу сәулесін белсенді түрде сіңіреді. Парник газдарының түзілуінде метанның үлесі көмірсутек газына тән мөлшердің шамамен 30%-ын құрайды. Метан мөлшері артқан сайын ауадағы химиялық процестер де өзгеріске ұшырайды. Бұл, өз кезегінде, жер бетіндегі экологиялық ахуалдың нашарлауына әкелуі мүмкін.

Метан шығарындысын азайту мәселесінің шешімі мұнай-газ компанияларына және мемлекеттерге Париж келісімінде көрсетілген мақсаттардың жүзеге асуына жол ашады.

ҚМГ метанды азайтуға компанияның офсеттік (ағылшын тілінен carbon offset - көміртекті өтеу) саясатын жүзеге асырудың және оның көміртегі ізін азайтудың әлеуетті құралы ретінде жіті көңіл бөледі. Айталық, 2021 жылы қабылданған «ҚазМұнайГаз» ұлтық компаниясының 2031 жылға дейінгі Төмен көміртекті дамыту бағдарламасының негізгі міндетінің бірі – ҚМГ-нің барлық өндіруші активтерінде 2031 жылға дейін метанның ағып кетуін анықтау және жою жүйелерін енгізу.

Климаттың өзгеруі және мұнай-газ саласының көміртегі жобаларын басқару стратегиялары бойынша ҚМГ мен Carbon Limits арасындағы ынтымақтастық 2011 жылы бастау алды. Сол жылы компаниялар алғашқы ортақ меморандумға қол қойған. 2023 жылдың тамызында компаниялар метан шығарындысын басқаруды көздейтін Ынтымақтастық және өзара түсіністік туралы меморандум жасасты. Аталмыш құжат ҚМГ компаниялар тобында қызмет ететін мамандардың біліктілігін арттыру, компаниядағы метан шығарындылары бойынша статистиканы жақсарту, метанның ағып кетуін анықтау және оған жол берілмеуді көздейтін арнайы шараларды қамтыды. Семинар ұлттық компанияда метан менеджментін енгізу жолындағы ҚМГ-нің алғашқы қадамы болды.

Анықтама үшін:

Метан - химиялық формуласы CH4 көмірсутегі, түссіз, иіссіз газ. Метан адамның жүйке жүйесіне әсер ететін улы заттарға жатады. Қауіп-қатер санаты – 4. Метанның көп мөлшерде шоғырлануы жарылыс тудыруы мүмкін. Өндіріс орындарында газ қорлары әдетте қауіпсіздік мақсатында арнайы одоранттармен белгіленеді. Одорант - оған тән иіс беру үшін газға немесе ауаға қосылатын зат. Газ ағынына одорант арнайы қондырғыларда қосылады және оның ағып кетуін бірден анықтауға ықпал етеді. Газға енгізілетін одорант қалыпты иіс сезу қабілеті бар адам қабылдай алатындай мөлшерде болуы тиіс.

ЮНЕП - БҰҰ-ның Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы. БҰҰ Бас Ассамблеясының 1972 жылғы 15 желтоқсандағы № 2997 қарары негізінде құрылған. ЮНЕП-тің негізгі мақсаты - қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігі үшін қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға бағытталған шараларды ұйымдастыру және іске асыру.

Carbon Limits - парник газдардың шығарындысын бақылау және азайту қызметтерін ұсынатын мамандандарылған компания. Мемлекеттік органдарға, үкіметтерге, жеке сектор клиенттеріне және халықаралық ұйымдарға ғылыми және консультациялық қызмет ұсынады. Компания 2005 жылы ECON, ең ірі скандинавиялық консалтингтің бөлігі ретінде құрылды. Бас кеңсесі Осло қаласында (Норвегияда) орналасқан.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>