ҚазМұнайГазда метан шығарындыларын басқару мәселелері бойынша семинар өтті
26.02.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) метан шығарындыларын басқаруға арналған семинар өтті. Іс-шараға Doris компаниясының техникалық сарапшылары және Дүниежүзілік банк тобына кіретін Халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) өкілдері қатысты. Бұл ұйымдар ҚМГ-ға осы салада консультациялық және техникалық қолдау көрсетеді.
Қатысушылар шығарындыларды бақылаудың тиімді әдістерін және оларды қысқартудың озық технологияларын қарастырды. Қоршаған ортаны сақтауға септігін тиізетін, сонымен бірге айтарлықтай экономикалық тиімділік әкелетін басқа елдерде қолданылатын озық тәжірибелерге ерекше назар аударылды.
Қазақстан 2023 жылдың соңында метан шығарындыларын азайту жөніндегі жаһандық бастаманы қолдап (Global Methane Pledge), нақты мақсаттар қоя отырып, тиісті реттеулерді енгізу бойынша міндеттемелер қабылдады. Еуропалық Одақтың 2024 жылғы тамызда энергетика секторындағы метан шығарындыларын азайту бойынша шығарындыларды өлшеу, мониторинг жасау, есептілік және верификация жүргізуді талап ететін регламент қабылдауы қосымша ынталандыру болып табылады.
Семинар қорытындысы бойынша сарапшылар метан шығарындыларының проблемасы және оның қоршаған ортаға тигізетін әсері туралы толық ақпарат берді, сондай-ақ ҚМГ, Doris және IFC өкілдері тәжірибе алмасты. Іс-шара соңында орнықты даму мен қоршаған ортаны қорғауда маңызды қадам болып табылатын метан шығарындыларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірленді.