ҚМГ компаниялар тобында «Мен сақтанамын» бастамасы енгізілуде
30.05.2025
2025 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобы бойынша еңбек қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыруға, жарақат алу мен өндірістегі оқыс оқиғалар санын азайтуға бағытталған «Мен сақтанамын» бастамасы іске қосылды.
Атырау мұнай өңдеу зауытында «Мен сақтанамын» корпоративтік бастамасы аясында еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелеріне арналған алғашқы семинар өтті. Қатысушылар жазатайым оқиғалардың себептерін талдап, тәжірибелік тапсырмаларды орындады.
«Мен сақтанамын» бастамасы компанияның барлық деңгейінде қауіпсіздік мәдениеті қағидаттарын кезең-кезеңімен енгізуді көздейді. Оның түпкі мақсаты — кәсіпорынның әрбір қызметкері оператордан бастап бірінші басшыға дейін күн сайын үйіне аман-сау оралатын еңбек жағдайларының болуын қамтамасыз ету.