Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» бен Индустрия министрлігі геологиялық барлау саласында ынтымақтастықты нығайтады

12.04.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар елдің аз зерттелген шөгінді алқаптарының жер қойнауын геологиялық зерттеу саласында бірлесе жұмыс істеуге келісті.

Құжатқа «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров қол қойды.

«Меморандумға қол қою жаңа мұнай-газ кен орындарын іздеу және республиканың ресурстық базасын ұлғайту ісіне елеулі серпін береді. Мұндай жұмыстың түпкі мақсаты – елдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, өндірістер мен жаңа жұмыс орындарын ашу», — деп атап өтті ҚМГ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.

Меморандум бойынша тараптар жер қойнауын геологиялық зерттеуде ғылыми-техникалық байланыстарды дамытуға, барлау жұмыстарын жүргізуге негіз болатын заманауи және тарихи геологиялық-геофизикалық ақпаратты талдау мен өңдеуде ынтымақтасуға ниет білдірді. Құжатта ҚМГ-нің геологиялық барлау іс-шараларын жоспарлау үшін алдын ала барлау жұмыстарын жүргізу мәселесі (жер қойнауын пайдалануға немесе жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия немесе өзге де құқықтық рұқсат алғанға дейін) көрініс тапқан.

Тараптар сондай-ақ мемлекеттік геологиялық-геофизикалық қорлардағы тарихи деректерді цифрландыру, жоғары дәлдіктегі сейсмикалық барлау, терең геохимияны және бағдарланған бұрғылау, геологиялық үш өлшемді модельдеу секілді озық технологияларды тарту жолдарын пысықтайды. Өзара іс-қимылдың тағы бір бағыты – деректердің инвесторлар үшін қолжетімді болуына ықпал ету.

Ынтымақтастық шеңберінде техникалық және экономикалық бағалау мақсатында ҚМГ-нің қазіргі геологиялық барлау және перспективалық жобаларының дерекқоры пайдаланылуы мүмкін.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>