Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстан мен Жапония Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамытуға дайын

13.06.2024

12 маусымда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов жапондық Marubeni Corporation (Марубени) компаниясының басшылығымен кездесті.

Тараптар былтыр күзде Қазақстан мен Жапония арасында қабылданған мемлекетаралық келісімді іске асыру аясында Атырау мұнай өңдеу зауытында төмен көміртекті жобаларды дамыту мәселесін қарастырды. Атап айтқанда, ҚМГ мен Марубени Атырау мұнай өңдеу зауытының ЭЛОУ-АТ-2, ЭЛОУ-АВТ-3 технологиялық қондырғыларының және каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысын экологиялық оңтайландыру жөніндегі жобаны іске асыру мүмкіндігін зерттеу қорытындыны күтуде. Зерттеуді жапондық Yokogawa Corporation (Йокогава) инжиниринг компаниясы жүргізіп жатыр.

Атырау мұнай өңдеу зауытында декарбонизациялау және CO₂ шығарындысын азайту бойынша озық шешімдерді енгізу бірлескен кредит алу тетігі (JCM, Joint Crediting Mechanism) арқылы көзделеді. Нәтиже оң болған жағдайда, бұл тәжірибені Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттарына тарату жоспарда бар.

Анықтама

Marubeni Corporation (Марубени) — XIX ғасырдың екінші жартысында құрылған жапондық сауда компаниясы. Жапониядағы ең ірі бес компанияның бірі. Марубени 2003-2006 жылдары Атырау МӨЗ-де алғашқы реконструкцияны жүзеге асырды. Бұл жұмыстың нәтижесі Атырау МӨЗ-не шығарылатын бензин сапасын Еуро-2 стандартына, ал дизель отынының сапасын Еуро-4 стандартына дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар зауыт экологиялық көрсеткіштерін жақсартты: ағынды сулармен фенолды төгу 360 есеге, ал күкірт ангидридінің шығарындысы 38%-ға қысқарды. Сондай-ақ Марубени Атырау МӨЗ-нің үшінші реконструкциялау жұмысына (мұнайды терең өңдеу кешенінің жобасы) қатысып, Жапонияның Халықаралық ынтымақтастық және жабдықтар сатып алу банкі тарапынан жобаның қаржыландыруын ұйымдастырды.

Yokogawa Corporation (Йокогава) — өлшеу техникасы және өнеркәсіптік автоматтандыру саласында жұмыс істейтін жапондық инженерлік компания.Негізі 1915 жылы қаланған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>