Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз Ақтау қаласында қайырымдылық марафон өткізді

26.10.2024

Ақтауда өткен «ҚазМұнайГаз» компаниясының қайырымдылық марафонына 26 қазанда Қазақстанның тоғыз өңірінен 1000-нан астам қатысушы жиналды. «Munaily Marathon» деп аталатын бұл шараға «Самұрық-Қазына», «ҚазМұнайГаз» және оның еншілес компанияларының қызметкерлері, кәсіби спортшылар мен Маңғыстау облысының тұрғындары қатысты. Қатысушылар 5 және 10 км қашықтықтарды бағындырды. 

Қайырымдылық марафоны еліміздің тарихындағы маңызды меже — Қазақстан мұнайының 125 жылдығына арналған.

Барлық жиналған қаражат Түпқараған және Қарақия аудандары мен Жаңаөзен қаласындағы үш тірек мектептің спорт залдарын қосымша жарақтандыруға жұмсалады. Бұл балалардың физикалық дамуына жағдай жасауға және жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

ҚМГ басшысы Асхат Хасенов қайырымдылық марафонның барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, «Munaily Marathon» спортты насихаттаумен бірге, қайырымдылық және қоғамдық жобаларды қолдау арқылы игі іске әрбір адамның өз үлесін қосуына мүмкіндік беретінін атап өтті.

ҚазМұнайГаз бұқаралық спортты қолдап, қайырымдылық бастамаларға үнемі қатысып келеді.Сонымен қатар Ұлттық компания өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде әлеуметтік жобаларды белсенді түрде іске асыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>