Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ шығарындыларды мониторингтеудің автоматтандырылған жүйесін іске қосты

18.01.2023

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының арасында алғашқылардың бірі болып қоршаған ортаға эмиссиялар мониторингінің автоматтандырылған жүйесін іске қосты. Аталмыш жүйенің кешенді жабдығы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының газтурбиналық электр станциясында (ГТЭС) орнатылып, сынақтан сәтті өтті.

Датчиктер тікелей ГТЭС газ шығарушы құбырларына орнатылған, олар барлық жиналған ақпаратты ақпараттық өлшеу жүйесіне (ИАЖ) береді. Ақпараттық өлшеу жүйесінде жиналған ластаушы заттар шығарындыларының нәтижелері туралы деректер SCADA жүйесіне жіберіледі. Бұл жүйе есептілікті ҚР Экология және табиғи ресурстары министрлігіне беру мақсатында әрбір 20 минутта орташа деректерді қалыптастырады. Жинақталған ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 5 жыл. Онлайн режимінде алынған деректер қондырғылардың жұмыс режимін реттеуге және олардың қоршаған ортаға әсер ету деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.

«Мониторингінің автоматтандырылған жүйесінің көмегімен біз шығатын газдардағы азот оксиді мен диоксидінің, көміртегі оксидінің, метан құрамын нақты уақыт режимінде бақылай аламыз, сондай-ақ, температураны, қысымды және салыстырмалы ылғалдылығын өлшейміз,» - дейді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ автоматтандыру, ақпараттық технологиялар және байланыс департаменті директорының м.а. Ринат Ибрашев.

Қазіргі уақытта барлық ақпарат әзірге объектінің операторына ғана келіп түсуде, жақын арада Мониторингінің автоматтандырылған жүйесі «Бірегей экологиялық портал» ақпараттық жүйесімен біріктірілетін болады, содан кейін деректер нақты уақыт режимінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға қолжетімді болмақ.

Осындай бірегей жүйелерді іске қосу – бұл кәсіпорындарды жаңғыртудың маңызды кезеңі ғана емес, сонымен қатар экологиялық тиімділікті арттыру және ашықтық үшін маңызды қадам.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ экология мәселелеріне айрықша көңіл бөледі, себебі бұл халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына тікелей әсер етеді. Цифрландыру арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы үдерістерді үнемі жақсарту – ҚМГ компаниялары тобының экология саясаты аясындағы міндеттерінің бірі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>