Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз және General Magnetic Canada төмен көміртекті дамыту бойынша ынтымақтастық туралы келіссөз жүргізді

25.09.2024

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 25 қыркүйекте Алматыда канадалық General Magnetic Canada Inc. (GMCI) компаниясының басшысы Альфред Дюррмен кездесті. Тараптар метан шығарындысын азайту және метан бойынша жаһандық міндеттемені орындау мәселелеріне қатысты ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

ҚазМұнайГаз OGMP 2.0 серіктестігіне қосылған және бұл бастаманы қолдаған Қазақстандағы алғашқы ұлттық компания болды. Алдағы үш жылда компания өзінің өндіруші кәсіпорындарында метанның ағып кету жолдарын толық түгендеп, шығарындылардың базалық деңгейін анықтауды жоспарлап отыр. Бұл өндіріс циклінің барлық кезеңінде шығарындыларды тиімді бақылауға және көлемін азайтуға мүмкіндік береді.

Аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін ҚазМұнайГазға қарасты кәсіпорындарда метанның ағып кету жолдарын анықтау және жою бойынша іс-шаралар (Leak Detection and Repair, LDAR) өткізу жоспарда. Бұл метанның жүйесіз шығарындыларын едәуір төмендетуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта компания метан деңгейін өлшеу іс-шараларын жүргізу үшін Carbon Limits және Tetra Tech сияқты серіктестермен бірлесіп жұмыс атқаруда.

GMCI компаниясымен ынтымақтастық орнату метан шығарындысын бақылау мен азайту үшін әлемдегі ең озық технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.

Тараптар ортақ күш-жігер метан шығарындыласының едәуір азаюына әкеліп, Қазақстанның энергетика секторының тұрақты дамуына үлес қосатынына сенім білдірді.

Анықтама үшін:

General Magnetic Canada Inc. (GMCI) — 2008 жылы Калгари қаласында негізі қаланған жетекші канадалық компания. Ол пайдалануға жұмсалатын шығынды азайтумен қатар энергия тиімділігін арттыруға және метан шығарындысының көлемін төмендетуге бағытталған энергетика саласы үшін озық технологияларды әзірлеп шығарады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>