Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Қазақстандық инженерлердің алғашқы тобы Мадридтегі оқуын аяқтады

28.01.2026

Отандық жоғары оқу орындарының жас инженерлері «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Tecnicas Reunidas инжиниринг компаниясы (TR — «Полиэтилен» жобасының EPC-мердігері) бірлесіп әзірлеген бағдарлама бойынша Испания астанасында білім алды.

Инжиниринг және жобаларды басқару бағытындағы кадрларды даярлау екі кезеңнен тұрды: алты ай бойы қазақстандық қатысушылар интенсивті онлайн-оқудан және TR компаниясының Мадридтегі бас кеңсесінде тәжірибелік тағылымдамадан өтті. Бағдарламаны Tecnicas Reunidas компаниясы қаржыландырады.

Алғашқы топқа 31 адам енді. Оның ішінде 22 қазақстандық маман Tecnicas Reunidas компаниясынан жұмысқа шақырту алып, Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауытының құрылысына тартылатын болады.

Бағдарлама қатысушыларының химиялық, құрылыс, экологиялық, механикалық және аэроғарыштық инженерия, автоматтандыру және технологиялық процестерді басқару бағыттары бойынша инженерлік білімі бар.

Іріктеу кезеңінен Атырау, Алматы, Астана және Ақтау қалаларының үздік түлектері өткен болатын. Білім беру бағдарламасы төрт жылға арналған. Осы уақыт ішінде кемінде 120 қазақстандық түлек оқудан өтеді деп жоспарланған.

Анықтама:
Tecnicas Reunidas — Атырау облысында салынып жатқан жылдық қуаты 1,25 млн тонна болатын полиэтилен зауытының пиролиз қондырғысы бойынша EPC-мердігерлердің бірі. Испандық инжиниринг компания әлем бойынша мыңнан астам өнеркәсіптік жобаны жүзеге асырған.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>