Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ және DeGolyer and MacNaughton басшылары мұнай-газ нарығындағы үрдістерді талқылады

15.05.2025

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов DeGolyer and MacNaughton Corp. (D&M) компаниясының Басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Джон Уоллеспен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың, оның ішінде халықаралық стандарттарға сәйкес қорлар мен ресурстық базаны бағалау саласындағы перспективалары талқыланды. Сондай-ақ геология, кен орындарын игеру және мұнай өндіру экономикасы сияқты бағыттар бойынша мамандарды оқыту мәселелері қаралды.

Бұдан басқа энергетика нарығындағы жаһандық және өңірлік үрдістер бойынша пікір алмасылды. Тараптар ҚМГ-ның инвестициялық тартымдылығын одан әрі арттыру үшін өзара іс-қимылды кеңейтуге дайын екендіктерін жеткізді.

Анықтама:

DeGolyer and MacNaughton (D&M) — штаб-пәтері Далласта (АҚШ) орналасқан мұнай-газ ресурстарын бағалау және басқару саласындағы жетекші тәуелсіз консалтингтік фирма. Компанияның Астана, Хьюстон, Мәскеу, Буэнос-Айрес және Алжирде кеңселері бар. Бүгінгі таңда D&M 100-ден астам елде жобаларды жүзеге асыруда.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>