Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Маңғыстау облысындағы OSC сервистік компанияның қызметкерлері Румынияда біліктілігін арттыруда

18.02.2026

KMG International және «Oil Services Company» ЖШС (OSC) өзара жасасқан ынтымақтастық туралы меморандум аясында ҚазМұнайГаз компаниялар тобы мамандарының техникалық әрі инженерлік біліктілігін дамытуға бағытталған бірлескен жобаны іске қосты.

Бұл бастама KMG International-дың Еуропадағы негізгі мұнай сервистік активтерінің бірі — Румынияның Rompetrol Well Services компаниясында ұңғымаларды бұрғылау және сервистік қызмет көрсету саласындағы теорияны оқып, халықаралық тәжірибе арқылы практиканы меңгеруді, сондай-ақ операциялық және басқару процестерін жетілдіруді көздейді.

Бүгінгі күні OSC мамандарының бір тобы Румынияға жетіп, Rompetrol Well Services мекемесінің өндірістік және сервистік моделімен таныса бастады. Жарты жылға созылатын тағылымдама кезінде қазақстандық мамандар ұңғымалардың жұмыс тиімділігін арттыру мен цементтеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса алғанда, операцияларды жобалау, модельдеу және талдау үшін озық технологиялар мен бағдарламалық шешімдерді үйренеді.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін OSC мамандары бұрғылау және сервистік операцияларды оңтайландыруға қатысты ұсыныстар әзірлеуге, техникалық регламенттер мен стандарттарды жаңартуға, әріптестерін оқытуға, сондай-ақ өз компаниясында өндірістік шығындарды азайтуды көздейтін пилоттық жобаларды іске қосуға жұмылдырылады.

Айта кетсек, бұл бастама — мұнай-газ секторындағы операциялық тиімділікті жоғарылатуға және адами капиталды дамытуға бағытталған өндірістік тәжірибе алмасудың жаңа форматы.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>