Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Мағзұм Мырзағалиев: «Біздің басты байлығымыз – адамдарымыз»

29.12.2023

2023 жыл «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы үшін жағымды жаңалықтар мен жарқын сәттерге толы болды. Әрқайсыңызға жұмыста танытқан еңбекқорлығыңыз, адалдығыңыз бен кәсіби біліктілігіңіз үшін зор алғыс айтамын.

Сан мыңдаған ұжымның ауызбіршілігі мен үйлесімді жұмысының арқасында биыл үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Мақтан тұтуға болатын көрсеткіштеріміз де жетерлік. Маңызды деген жетістіктеріміздің бірқатарын бөлісе кетейін.

  • Үкімет Өзен кен орнын оңалту жобасына қолдау білдірді;
  • Қаламқас-теңіз және Хазар жобасы бойынша FEED кезеңіне кірістік;
  • Оңтүстік Ақсай, Рожков және Шығыс Өріктау кен орындары іске қосылды;
  • Дунга кен орнының үлесін сатып алу процесі аяқталды;
  • Жанар-жағармай нарығын тұрақтандыра алдық. ПҚОП, CASPI BITUM кәсіпорындарының қуатын арттыру жобасы дайындалуда;
  • Sinopec «Полиэтилен» жобасына қосылу туралы келісімге қол қойды; жобалау жұмысы белсенді жүріп жатыр;
  • KEBCO брендін сәтті таныстырдық;
  • БТД бағыты бойынша мұнай тұрақты түрде жөнелтіледі. Германияға «Дружба» құбыры арқылы мұнай жеткізе бастадық. AD Ports Group компаниясымен бірлескен кәсіпорнымыз үшін үлкен мүмкіндіктер ашылуда. «Taraz» және «Liwa» екі кемесін сатып алып, танкерлер флотын кеңейттік;
  • ЖЭК жобалары бойынша ENI, Total Eren компанияларымен бірлескен жобалар іске асырылуда;
  • Өңірлерде әлеуметтік тұрақтылықты сақтаймыз;
  • Корпоративтік мәдениетті белсенді дамыта бастадық, қоғамдық өміріміз түрлене түсті, компанияның құндылықтарын қайта қарадық.

Алдағы жұмысымызда жақсартуға болатын тұстар әлі де бар. Олар – операциялық тиімділік, өндірістік және корпоративтік процестерді жетілдіру, нарық жағдайына қарай өзгеруге дайын болу. Біз компанияның мүддесін қорғауды жалғастыруымыз керек және шешім қабылдауда икемді бола білуіміз маңызды. Келесі жылы компания алдында өрелі міндеттер тұр. Оларды жүзеге асыру үшін белсенділік танытып, кез келген мәселеге бей-жай қарамауымыз керек.

Біздің басты байлығымыз – мұнай емес, адамдарымыз. Барлық кедергіні бірге еңсеретінімізге сенімдімін. Келе жатқан жаңа жыл құтты болсын!

Ізгі ниетпен, Мағзұм Мырзағалиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>