Маңғыстауэнергомұнай Жетібай кен орнында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын қарқынды салуда
13.10.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны — «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС Жетібай кентіндегі №2 өндірістік-энергетикалық қызмет базасында әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға бағытталған кешенді жобаны іске асыруда. Құрылыс нысандарына құйылған инвестицияның жалпы көлемі 480 млн теңгеден асады.
Бағдарламаның негізгі нысаны — жаңа жатақхана, оның құрылысы аяқталуға жақын. Сондай-ақ өндірістік базаның бақылау-өткізу пунктінің қосымша ғимараттары пайдалануға тапсырылды.
Бұл жобаларды іске асыру Жетібай кен орны қызметкерлерінің тұру және еңбек ету жағдайларын жақсартуға бағытталған. Заманауи жатақхана салу және бақылау-өткізу пунктінің инфрақұрылымын дамыту — «Маңғыстауэнергомұнай» ЖШС-нің қолайлы әлеуметтік орта қалыптастыру және өндіріс тиімділігін арттыру жөніндегі стратегиясына сай келеді.