Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы АҚШ-тағы қазақстандық студенттермен кездесті

20.03.2024

Хьюстон қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев жетекші зерттеу институттарының бірі — Rice University-гі қазақстандық студенттерімен кездесті. Кездесуге бакалавриат және магистратура бағдарламаларының студенттері мен PhD бағдарламасы бойынша ізденушілер қатысты

Бейресми түрде өткен жылы кездесу барысында Қазақстанның мұнай-газ саласын дамыту перспективалары мен ағымдағы әлемдік трендтер туралы сөз қозғалды.

Мағзұм Мырзағалиев студенттерге Компанияның даму стратегиясына, оның ішінде геологиялық барлау мәселелері, халықаралық серіктестік және қазақстандық мұнайды тасымалдау маршруттарына баса назар аударылатыны туралы айтып берді.

Студенттер, өз кезегінде шетелдік компаниялардағы жасаған жұмыстары мен оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, бірқатар ұсыныстар айтты.

Кездесуге Райс университетінде (Rice University, Хьюстон, Техас, Америка Құрама Штаттары) информатика және операциялық зерттеулер саласында бакалавр дәрежесіне оқып жүрген Бауыржан Мұқатай қатысты. Б.Мұқатай өз тәжірибесін жеке жобалар мен хакатондарды зерттеу арқылы шыңдауда, сонымен бірге динамикалық салыстыру, оңтайландыру, алгоритмдер және биоинформатиканы қамтитын жобалармен де жұмыс істейді.

Сондай-ақ кездесуге Райс университетінде деректерді талдау бойынша магистратурада оқитын «Тенгизшевройл» ЖШС бағдарламасының стипендиаты Ілияс Құсанов қатысты.

Сондай-ақ, кездесуге «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) кен орнын игеру басқармасы бөлімінің геологы, Райс университетінің (Rice University) деректер талдауы бойынша магистратурасында цифрлық технологияларды (Digital Scholar Program) оқу бағдарламасы бойынша оқитын ТШО бағдарламасының стипендиаты Ілияс Құсанов қатысты.

Кездесуге қатысқан шет елде магистратура бағдарламасы бойынша білім алушылардың көпшілігінің жұмыс тәжірибесі бар.

Кездесу аясында Мағзұм Мырзағалиев компанияның "Жарқын болашақ" сынды әлеуметтік жобалары туралы ақпарат берумен бірге, кездесуге қатысушылардың  инвестиция тарту, бәсекелестік, мұнай-газ секторы үшін жаһандық сын-қатерлер туралы сұрақтарына тұщымды жауап берді.

Сөз соңында М.Мырзағалиев жастарға алған озық білімдерін болашақта ел игілігі үшін пайдаланудың маңыздылығын атап өтті.

«Жастар әрқашанда қоғамның ең белсенді, бастамашыл және өршіл бөлігі және прогрестің қозғаушысы болып табылады. Біз үшін жастармен осындай кездесулер арқылы кері байланыс жасап, олардың шетелде алған білімі мен жинаған тәжірибесін Қазақстанда пайдалануға атсалысу маңызды. Сіздердей жалынды жастарымызбен кездескеніме өте қуаныштымын», — деді М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>