Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Sinopec компаниясының басшылығымен кездесу өткізді

18.04.2024

2024 жылы 18 сәуірде Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев China Petrochemical Corporation (Sinopec) Президенті Джао Донгпен кездесті.

Тараптар Қазақстанда терефтал қышқылы мен полиэтилентерефталат (ТФҚ және ПЭТФ) өндіру жөнінде ортақ жоспарын талқылады.

«Sinopec компаниясының мұнай химиясы саласындағы халықаралық тәжірибесін жоғары бағалаймыз. Екі компания арасында орнаған ынтымақтастық Қазақстанның мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытуда және екі ел арасындағы стратегиялық байланысты нығайтуда басты фактор болатынына сенімдімін», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Еске сала кетейік, ҚМГ мен Sinopec алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені бірлесіп әзірлеу туралы келісімге ҚР Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға ресми сапары барысында қол қойған болатын. Қазіргі уақытта жобаның алдын-ала техникалық-экономикалық негіздемесі бойынша жұмыс жүріп жатыр.

ПЭТФ — маңызды полимерлі материал, тамақ өнімдері мен сусындарға арналған қаптамалар, контейнерлер өндірісінде, тоқыма өнеркәсібінде (тоқыма жіптері, синтетикалық талшықтар), техникалық талшықтар жасауда және өзге де салаларда пайдаланылады. Терефтал қышқылын өндіру қондырғысы — ПЭТФ өндіру тізбегіндегі аралық буын.

Анықтама:

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ — Қазақстанның вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы. ҚМГ көмірсутектерді барлау мен өндіруден бастап тасымалдауға, өңдеуге және мамандандырылған қызметтер көрсетуге дейінгі бүкіл өндірістік цикл бойынша активтерді басқарады. 2002 жылы құрылған Компания еліміздің мұнай-газ саласында Қазақстанның мүддесін қорғайды.

Sinopec — әлем бойынша BASF компаниясынан кейінгі ірі химиялық компания, вертикалды интеграцияланған энергетика және мұнай химия корпорациясы. Компаниялардың жылдық кірісі негізінде жасалатын Fortune Global 500 рейтингінде 2023 жылы Sinopec алтыншы орынға ие болды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>