Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Рожков кен орнын жайластыру мен игеру мәселелеріне арналған өндірістік жиын өткізді

10.03.2026

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Рожков газ конденсатты кен орны жобасын іске асыру мәселелеріне қатысты жиын өткізді.  

«Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) басшылығы кен орнын жайластыру барысы жайлы баяндама жасады. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық ұңғымада жалпы құрылыс пен монтаждау жұмыстары аяқталды, бес кран торабы бар негізгі құбырының 17,5 шақырымы, өнімді ұңғымадан бөлетін желінің 12,8 шақырымы, кернеуі 10 кВ электр беру желісінің 24 шақырымы, талшықты-оптикалық байланыс желісінің 26 шақырымы, сондай-ақ жинау және тарату станциялары салынып бітті. Жобалық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

Аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда. Жұмыстың орындалу барысы 95% құрайды.

Бұдан бөлек, компания Рожков кен орнын дамытудың 2-ші кезеңінің жұмыс жобасын іске асыруға кірісті, бұл қолданыстағы ұңғымалар қорын және шикі газ өнімділігін тәулігіне 2 млн м³ дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

 Айта кетсек, 2025 жылы УОГ 343 мың тонна конденсат және 470 млн м³ шикі газ өндірді. Биылға арналған жоспарға сәйкес конденсат өндіру көлемі — 384,5 мың тонна және газ бойынша 548,1 млн м³. Қазіргі уақытта компания жылына 72 мың тонна сұйытылған көмірсутек газының өндірісін қамтамасыз етіп отыр.

Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы Урал Ойл энд Газ компаниясының алдына Рожков кен орнын жайластыру мен игерудің алдағы жоспарларын уақтылы әрі сапалы орындау бойынша міндеттер қойды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>