Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиевтің Наурыз мейрамымен құттықтауы

21.03.2024

Құрметті отандастар!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын.

Наурыз айы – ынтымақ пен бірліктің, татулық пен келісімнің, ырыс пен берекенің бастауы.

Күн мен түн теңелетін, жер жаһан көркейетін, табиғаттың жаңаратын кезеңі – Ұлыстың ұлы күні. Тамыры терең әз Наурыз – береке мен бірліктің бастауы, ұрпақтар сабақтастығының бейнесі.

Шуақты мейрам халқымыздың бірлігін, бауырластығы мен ынтымақтастығын арттырып отыр. Елімізде бұл күндері ұлттық құндылықтарды айшықтайтын түрлі іс-шаралар өтуде.  Қайырымдылық істер мен ізгі ниеттер, ұлттық салт-дәстүрлер, ұлттық спорт, ұлттық киім мен ұлттық дәмдеріміз кеңінен насихатталуда. 

Биылғы «Рамазан» – жыл басы Наурыз айымен тұспа-тұс келіп отыр. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Рухани тазару айы мен тіршілік атаулыға нәр беретін жаңару мерекесінің қатар келуін жақсылыққа балаймыз.

Баршаңызға амандық, жақсылық, бақ-береке тілейміз. Елімізге, әр шаңыраққа молшылық, ырыс-береке дарысын!

Ұлыс оң, ақ мол болсын!

Құрметпен,

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ

Басқарма төрағасы

Мағзұм Мырзағалиев

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>