Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Атырауда «Мұнайшы қыз» клубының Форумы өтті

07.12.2023

Атырауда «Ембімұнайгаз» АҚ-ның «Мұнайшы қыз» клубы құрылғанына бес жыл толуына орай компания басшылығының, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ға қарасты кәсіпорындар қызметкерлерінің, сондай-ақ ірі мұнай-газ жобалары, мемлекеттік құрылымдар және қоғам өкілдерінің қатысуымен форум өтті.

Мерейтойлық шараның тақырыбы – ESG, гендерлік теңдік және әйелдердің, әсіресе, еліміздің мұнай-газ секторында еңбек етіп жатқан әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту болды.

«Әйелдердің  көшбасшылығы — бүгінгі қоғамның басты тренді. Сарапшылардың көпшілігі әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту арқылы мемлекеттің дамуына тиімді әсер ететінін мойындайды. Бұл әлеуметтік кемелдену дәрежесін, гуманизмді, жалпы адамзаттық  құндылықтарға адалдықты және азаматтық қоғамның дамуын айқын көрсетеді. Біздің форумның мақсаты – мұнай-газ саласында еңбек етіп жатқан қыз-келіншектердің жан-жақты дамуына серпін беру», — деп атап өтті «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары, «Мұнайшы қыз» клубының төрайымы Рысты Тасмағамбетова.

Гендерлік теңдік — БҰҰ Тұрақты дамуының 17 мақсатының бірі. «ҚазМұнайГаз» үшін де бұл мақсатқа жетудің маңызы зор.

ҚазМұнайГаз аталған бағытта жүйелі жұмыс істеп келеді, әйелдер мен ерлерді өнімді әрі лайықты жұмыспен қамтып, бірдей жалақы төлеуді көздейді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ стратегия және инвестициялық портфельді басқару департаментінің директоры Айша Төребаева форумда сөз сөйлеп, компания қызметіне әйелдердің қатысу үлесін айтып өтті. «Мұнайшы қыз» клубына алдағы уақытта да белсенді әйелдерге қолдау көрсетіп, компания тобының әр деңгейінде еңбек етіп жүрген барлық әйелдің проблемаларына назар аударып, оларға қамқорлық танытып, жеткен жетістіктерін көрсете беріңіздер деген тілегімді білдіремін, — деді А.Төребаева.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>