Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Каспий құбыр консорциумының бас директорымен кездесті

16.04.2024

16 сәуірде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «Каспий құбыр желісі консорциумы» АҚ (КҚК) бас директоры Николай Горбаньмен кездесу өткізді.

Тараптар КҚК халықаралық жобасы аясындағы ынтымақтастық мәселелерін, соның ішінде 2024 жылдың алғашқы айларындағы Консорциум қызметінің қорытындысын, Теңіз – Новороссийск мұнай құбырының өндірістік нысандарын жаңғырту және сенімділігін арттыру жөніндегі бағдарламаларды іске асыру барысын талқылады.

ҚМГ басшысы Қазақстан мұнайын тасымалдаудың басты экспорттық бағыты – КҚК құбырының еліміздің мұнай өнеркәсібіндегі маңызын атап өтті.

Өз кезегінде, КҚК бас директоры ҚМГ басшысына жуырда мұнай құбырының жұмысын жоспарлы тоқтату кезінде атқарылған іс-шаралары туралы мәлімет берді. Атап айтқанда, салынып жатқан Атырау-Астрахань автожолының астында, трассаның 266 шақырымында жаңа құбыр учаскесі іске қосылды.

Сонымен қатар қос тарап Атырау облысындағы су тасқыны мәселесін талқылады. КҚК өндірістік бөлімшелері және оның мердігер ұйымдары су тасқыны кезеңінен өтуге дайындық аясында жергілікті басқару органдарына жан-жақты көмек көрсетіп жатыр.

КҚК өзінің өндірістік нысандарына тұрақты мониторинг жүргізеді. Олардың барлығы штаттық режимде жұмыс істеп тұр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>