Асхат Хасенов Chevron басшылығымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады
22.09.2025
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Нью-Йорк қаласында (АҚШ) Chevron корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртпен кездесу өткізді.
Кездесу барысында өзара іс-қимылдың маңызды бағыттары, атап айтқанда Теңіз жобасын дамыту перспективалары, Chevron компаниясымен іске асырылатын ортақ жобалар аясында тауарларды локализациялау бойынша жаңа өндірістерді ашу және қазақстандық қамту көлемін ұлғайту мәселелері талқыланды.
Тараптар ҚазМұнайГаз бен Chevron стратегиялық серіктестікті кеңейту аясында Қазақстанның мұнай-газ секторының дамуына және халықаралық энергетикалық қауіпсіздікке үлес қосуды жалғастыратынына сенім білдірді.