Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

М.Мырзағалиев Хьюстонда CERAWeek энергетикалық конференциясына қатысты

19.03.2024

CERAWeek — S&P Global ақпараттық-талдау компаниясы жыл сайын Хьюстон қаласында (АҚШ) өткізетін энергетика мәселелеріне арналған ең ірі конференция. Биыл CERAWeek 2024 көп өлшемді, аса жылдам және көп түрлі энергетикалық ауысу стратегияларын зерттейді. Конференция әлемнің түкпір-түкпірінен энергетикалық компаниялардың басшылары мен өкілдері, саясаткерлер, энергетика, қаржы, экология саласының сарапшылары және басқа да делегаттарды жинады.

18 наурызда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев CERAWeek конференциясы аясында «Басты назарда: Мұнай және газ ресурстарын игеру» панельдік сессиясында сөз сөйледі. Сессияға Eni, Schlumberger и Woodside Energy басшылары да қатысты.

М. Мырзағалиев өз сөзінде ҚМГ-ның геологиялық барлауды жандандыру бағытындағы жоспарлары туралы, сондай-ақ компанияның елдегі инвестициялық ахуалды жақсарту мақсатында заңнаманы өзгертуге қатысты белсенді жұмысына тоқталды. Ол Қазақстан мұнай-газ секторында үлкен инвестициялық мүмкіндіктер ұсынатынын атап өтті.

«Біз халықаралық компанияларды Каспий теңізінде құрлық пен қайраңдағы жобаларды жүзеге асыруға серіктес ретінде қарастыруға дайынбыз», — деп атап өтті М. Мырзағалиев.

ҚМГ басшысы Қазақстанның көмірсутек ресурсы үлкен потенциалға ие екенін, ал Каспий маңы бассейнінің қоры әлі де игерілмегеніне назар аударды. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Үкіметі мұнай-газ секторына шетелдік инвестицияларды тартуды жалғастыруға ниетті. 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасымен геологиялық барлау және газ жобалары үшін тартымды салық және нормативтік-құқықтық преференциялар (Жақсартылған модельдік келісімшарт) енгізілді. ЖМК объектілерінің қатарына теңіз және газ жобалары, сондай-ақ құрлықтағы күрделі өндіру жобалары кіреді.

«Бұл өзгерістер инвесторлар үшін мұнай-газ кен орындарында барлау және игеру жұмыстарын бастау үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. 2023 жылы 6 ақпанда Қазақстанда «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жобасы бойынша көмірсутектерді өндіруге арналған, ЖМК шарттарына негізделген алғашқы келісімшартқа қол қойылды, жоба стратегиялық серіктеспен бірлесіп іске асырылатын болады», — деп түйіндеді М.Мырзағалиев.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>