Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы мен CITIC Resources вице-президенті Caspi Bitum зауытын жаңғырту барысын талқылады

06.12.2024

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов CITIC Resources Holdings Limited вице-президенті Ван Синьлимен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, «CASPI Bitum» БК» ЖШС зауытының өндірістік қуатын кеңейту жобасының іске асу барысы қаралды. Кәсіпорын жылына «Қаражанбасмұнай» АҚ-ның (ҚБМ – ҚМГ еншілес компаниясы) 1 млн тоннаға дейін тұтқырлығы жоғары мұнайын өңдеп, жоғары сапалы жол битумын және тазартылған мұнай шығарады.

Caspi Bitum қуатын жылына 1 млн тоннадан 1,5 млн тоннаға дейін арттыру жобасын іске асыру ЭЛОУ-АВТ шикі мұнайды бастапқы өңдеу қондырғысын жаңғыртуды көздейді, бұл жол битумын өндіру көлемін қазіргі жылына 500 мың тоннадан 750 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ақтау битум зауытында уақытша қалашықтың құрылысы аяқталып, жаңа жабдық дайындау үшін тапсырыс берілді. Жоспар бойынша 2025 жылдың екінші тоқсанында жұмыстар аяқталып, кәсіпорын технологиялық режимге шығады. Caspi Bitum қуатын кеңейту жұмыстарын жүргізу кезінде Қазақстанда битум өндірісі жалғасады, себебі бұл салада ҚМГ-ның басқа да кәсіпорындары, атап айтқанда «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бар. Бұл зауытта 2024 жылдың қаңтарынан бастап жол битумын өндіру көлемі 15%-ға ұлғайды. Сонымен қатар елімізде битумды жекеменшік зауыттар да шығарады.

Кездесуде сондай-ақ ҚМГ мен CITIC Resources арасындағы алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды. «Қаражанбасмұнай» АҚ-дан Caspi Bitum зауытына мұнай жеткізу мәселелеріне ерекше ден қойылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар барлық маңызды бағыттар бойынша жұмысты жандандыруға келісті.

Анықтама:

«Caspi Bitum» БК» ЖШС — Қазақстанда тотықтырылған және модификацияланған битум өндіруге маманданған, жол битумын өндіретін ірі компания. Серіктестік 2009 жылы құрылды, ал зауыт 2013 жылы іске қосылды. Кәсіпорынның акционерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (50%) және «CITIC Kazakhstan» ЖШС (50%, CITIC Group қытай компаниялар тобының еншілес компаниясы).

«Қаражанбасмұнай» АҚ — мұнай өндіруші компания, Қаражанбас кен орнында мұнай өндірумен айналысады. Кен орны Ақтау қаласынан 230 км қашықтықта Бозащы түбегінде орналасқан. Компанияның акционерлері — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және CITIC Resources Holdings Limited, олардың әрқайсысы 50% акцияға ие.

CITIC Construction Co., Ltd. және CITIC Resources Holdings Limited — CITIC Group еншілес компаниялары. CITIC Construction Қытайда және шетелде ірі құрылыс жобаларын жүзеге асыруға маманданған. CITIC Resources Holdings Limited, өз кезегінде, мұнай мен көмірді барлау, өндіру және өндірумен, сондай-ақ боксит өндіру, глинозем өңдеу және алюминий өндіру салаларына инвестиция салумен айналысады. Екі кәсіпорын түрлі салаларда жұмыс істейді, бірақ оларды ортақ бас холдинг біріктіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>