Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚМГ басшысы Lummus Technology компаниясының басшылығымен кездесті

25.01.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев 25 қаңтарда Астанада Lummus Technology LLC президенті және бас атқарушы директоры Леон де Брюнмен келіссөз жүргізді.

М. Мырзағалиев ҚМГ мен Lummus Атырауда орналасқан «KPI Inc» ЖШС зауытында табысты жұмыс істеп жатқанын атап өтті. Америкалық компания — зауытта пропанды сусыздандыру және Novolen технологиясы бойынша полипропилен өндіру процесінің лицензиары.

Өз кезегінде Lummus өкілдері қазақстандық тарапқа KPI зауытының жоба бойынша толық қуатына шығуына және көздеген көрсеткіштерге қол жеткізуіне қатысты жоспары туралы ақпарат берді.

«Мұнай-газ химиясы — компаниямыз үшін жаңа басым бағыт. Біз қосымша құны жоғары өнімдердің кең түрін шығару үшін мұнай мен газ өңдеу өндірісін белсенді дамытуға ниеттіміз», — деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Сонымен қатар, тараптар бутадиен өндіру жөніндегі жобаны іске асыруды талқылады, ол бойынша компаниялар арасында синтетикалық каучук өндіру үшін бутанды сусыздандыру және бутадиенді бөліп алу технологиясы бойынша келісімдер жасалды. Айта кететіні, қазіргі уақытта болашақ зауытты жобалау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Келіссөз қатысушылары мұнай-газ химиясы өнімдері нарығын дамыту мәселелеріне және әлемдік трендтерге жеке тоқталды. Америкалық тарап ҚМГ басшылығына саладағы жаңа технологиялық шешімдерді таныстырды.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>