Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

ҚазМұнайГаз бен ЛУКОЙЛ «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жобасы бойынша ынтымақтастық мәселесін талқылады

16.08.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасы Мағзұм Мырзағалиев «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ басшылығымен кездесті.

Тараптар келіссөз барысында ынтымақтастық мәселесі мен алдағы жұмыс бағытын талқылады, сондай-ақ, Каспий теңізінің қайраңында орналасқан «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жобасы бойынша ортақ іс-қимыл туралы пікір алмасты.

«Біз «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС үлесінің 50%-ын «ЛУКОЙЛ» компаниясына беру бойынша корпоративтік рәсімдердің соңғы кезеңіне келдік. Тараптар өзара түсіністік орнатқанын және келіссөз барысында компаниялар ұстанымына қатысты келіспеушілік болмағанын атап өту керек. Жобаны іске асыру кезеңінде де бірлесе жемісті жұмыс атқаратынымызға сенімдімін», - деп атап өтті М.Мырзағалиев.

Еске сала кетсек, 9 ақпанда Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «ЛУКОЙЛ» ЖАҚ Каспий теңізінің Қазақстан секторында «Қаламқас-теңіз, Хазар, Әуезов» жер қойнауындағы учаскені игеру жобасы бойынша келісімге келді. Тараптар Үлескерлер келісіміне, «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС жарғылық капиталындағы 50% үлесті сатып алу-сату шартына және Үлескерлердің оператор қызметін қаржыландыру шарттары туралы құжаттарға қол қойды.

Жоба операторы «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС 2023 жылдың 3-тоқсанында ҚР Пайдалы қазбаларды барлау және игеру жөніндегі орталық комиссиясына кен орындарын игеру жобасын ұсынып, бекітуді жоспарлап отыр.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>