Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Болашақ лингвистер мен физиктер ҚазМұнайГазға оқуы туралы айтып берді

06.12.2023

«ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі Гүлшара Әбдіқалықова «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша Алматы қаласындағы Абай атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын мектеп-интернатында оқитын 32 грант иегерімен кездесіп, Республикалық физика-математика мектебіндегі 15 грант иегерлерімен де жүздесті.

Г.Әбдіқалықова мектеп-интернаттардың жай-күйімен, элиталық білім ошақтарындағы ҚазМұнайГаз қамқорлығына алған тәрбиеленушілердің оқу үлгерімімен бірге мектеп өмірінің тынысымен танысты.

Кездесу барысында ҚМГ басшысының кеңесшісіне «Жарқын болашақ» бағдарламасының қатысушылары тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, оған жан-жақты қамтылған жауаптар берілді.

Кездесу барысында Г.Әбдіқалықова грант иегерлеріне үлкен үміт артатынын және  білім алудың маңыздылығы жеткізді. «Ертеңгі еліміздің еңсесін білімді ұрпақ биіктетеді. Жастық шақта тірнектеп жинаған білімдеріңіз еліміздің кәдесіне жарайтынына, мықты маман болып қалыптасатындарыңа кәміл сенемін!», — деді. Сонымен бірге Г.Әбдіхалықова лайықты және сұранысқа сай мамандық иесі болу үшін іргелі, берік және нақты білім алудың маңыздылығы мен өзектілігіне де тоқталып өтті.

 Белгілі мектептердің ұстаздарының кәсіби шеберлігінің арқасында сіздерге жаңа ғылыми көкжиектер ашылып, баға жетпес тәжірибе мен білім алып жатырсыздар.  Болашақта «Қазақстанның белгілі ғалымдары, ғылыми элитасы және мақтанышы» болудың маңыздылығы туралы өз ойларымен бөлісті.

Қазіргі таңда «Жарқын Болашақ» бағдарламасы бойынша Маңғыстау облысының 449 түлегі оқиды. Бағдарламаға еліміздің 11 аймақтағындағы 57 білім беру ұйымы қатысады. Былтырғы оқу жылында Жаңаөзен қаласының оқушыларына ғана қатысуға мүмкіндігі болса, биылғы оқу жылында Жаңаөзен қаласымен қатар Түпқараған, Маңғыстау және Қарақия аудандарының оқушылары грант иегері атанды.

 Бағдарлама аясында оқушылар мен студенттер  шәкіртақы алып, тегін тамақтанатыныны, оқу ақысымен қатар жол шығындарының төленетіні мен жатақхана ақысының да қарастырылғандығын атап өтті.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>