Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдауда энергия тиімділігі бойынша рекорд орнатты

15.05.2025

«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) мұнайды тасымалдаудың энергия сыйымдылығы бойынша тарихи минимумға қол жеткізді — бір миллион тонна мұнайды бір километрге тасымалдауға 3,7 тонна шартты отын жұмсалды. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 2,4 есеге төмен. Осылайша, энергия менеджменті саласындағы жүйелі жұмыстың арқасында компания тұрақты дамуға және көміртегі ізін азайтуға сенімді түрде бет алуда. 

Электр қуаты және табиғи газ басты назарда Сорғы қондырғылары үшін электр энергиясын (жалпы көлемнің 25%) және мұнай жылыту пештерінде шартты отын тоннасында (ш.о.т.) қолданылатын табиғи газды (65%-дан астам) ұтымды тұтынуға басты назар аударылады. 14 жыл ішінде жалпы энергия үнемдеу ақша эквивалентінде 1,9 млрд теңгеге жетті. 

Температуралық режимді оңтайландыру — «ыстық» әсер Стратегиялық маңызы бар «Атырау — Самара» мұнай құбыры учаскесінде температуралық режимді оңтайландыру негізгі жобалардың бірі болды. Реологиялық сипаттамасы күрделі және қату температурасы оң мәнге ие Манғыстау мұнай қоспасын қату температурасы теріс (минус) мәнге ие Қашаган мұнайына алмастыру нәтижесінде жылы мезгілде қыздыру пештерін сөндіріп қоюға мүмкіндік туды.

  2021 жылы мұнай жыл бойы үздіксіз жылытылса, 2024 жылы жылыту пештері бес ай бойы сөніп тұрды. Бұл 10 млн текше метрден астам табиғи газды үнемдеуге мүмкіндік берді. Жалпы, 2022 жылдан бері газ үнемдеу көлемі 25 млн текше метрді құрады.

2011 жылдан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ технологиялық режимдер қызметтерін құрудан бастап ISO 50001 халықаралық стандартын негізгі бизнес-процестерге біріктіруге дейінгі энергия тиімділігінің кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын моделін қалыптастырып келеді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>