Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

«ҚазТрансОйл» АҚ қызметкерлері су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін 80 миллион теңге қаражат жинап берді

05.04.2024

ҚазМұнайГаз компаниялар тобы көктемгі су тасқынына байланысты қиын жағдайға тап болған өңірлерге көмек көрсетуді жалғастыруда. Су тасқыны салдарын жою жұмыстарына ҚМГ еншілес ұйымдарының еріктілері, қызметкерлері мен техникасы жұмылдырылған.

«ҚазТрансОйл» АҚ және оның бірлескен бақылауындағы еншілес ұйымдары — «Қазақстан-Қытай құбыры» ЖШС, «МұнайТас» ЖШС, «Магистральды су құбыры» ЖШС қызметкерлері күш біріктіріп, осындай қиын-қыстау кезеңде мұқтаж жандарға көмектесуге ниет білдірді.

Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін компанияның 5 мыңнан астам қызметкері 80 миллион теңге қаражат жинады. Жиналған қаражат су тасқынының салдарын жою және тұрғындарға көмек көрсету үшін «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына жіберілді. Өз кезегінде «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры еліміздің бірқатар өңірлерінде зардап шеккендерге үй салуға қолдау көрсетпек. Көрсетілген көмектің нәтижесі «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының бұл кезеңдегі есебінде көрсетіледі.

ҚазМұнайГаз қызметкерлері табиғи апат салдары жуық арада еңсеріледі деген үміт білдіреді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>