«ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы 9 айдағы өндірістік қызметін қорытындылады
22.10.2025
Есептік кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (ҚТО) мұнай бойынша жиынтық жүк айналымы 33 млрд 921 млн тонна-километрді құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 2% артық.
2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айларының қорытындысы бойынша компанияның мұнай тасымалдау және мұнай өнімдерін қайта құюдың жиынтық көлемі 34 млн 644 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 1% төмен.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарына тасымалданған мұнай көлемі 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4% ұлғайып, 13 млн 633 мың тоннаны құрады.
«Атырау – Самара» учаскесі бойынша мұнай тасымалдау көлемі 7 млн 750 мың тоннаға жетіп, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 4% артты.
Қазақстан аумағында орналасқан «ТОН-2» мұнай құбыры учаскесі арқылы 8 млн 735 мың тонна мұнай тасымалданып, көрсеткіш 2024 жылдың 9 айындағы деңгейінде қалды.
«Атасу – Алашанькоу» магистральды мұнай құбырына 8 млн 270 мың тонна мұнай құю жүзеге асырылды. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға төмендеді.
«Каспий Құбыр Консорциумы-Қ» АҚ жүйесіне құйылған мұнай көлемі 2 млн 513 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 25% аз болды.
Компанияның қуаттарын пайдалану арқылы Ақтау портында танкерлерге 2 млн 440 мың тонна мұнай тиелді, бұл 2024 жылдың 9 айындағы осындай көрсеткіштен 5% төмен.
«Қазақстан – Қытай құбыры» ЖШС мұнай құбырлары жүйесі арқылы 14 млн 484 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Мұнайдың жүк айналымы 12 млрд 941 млн тонна-шақырымды құрап, 2024 жылдың 9 айындағы нәтижеден 4% жоғары болды.
«СБҚК «МұнайТас» ЖШС мұнай құбыры арқылы 4 млн 436 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Сондай-ақ мұнайдың жүк айналымы 8%-ға өсіп, 1 млрд 874 млн тонна-шақырымды құрады.
«Батуми мұнай терминалы» ЖШҚ компаниялар тобы бойынша мұнай, мұнай өнімдері және газды қайта құю көлемі 1 млн 421 мың тоннаны құрады, бұл 2024 жылдың 9 айындағы көрсеткіштен 3%-ға төмен. Сонымен қатар 2025 жылдың 9 айындағы жалпы жүк айналымы 5 млн 580 мың тоннаны құрап, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11%-ға жоғары болды.
2025 жылдың 9 айында «Магистральды су құбыры» ЖШС «Астрахань – Маңғышлақ» су құбыры арқылы Қазақстанның Атырау және Маңғыстау облыстарының тұтынушыларына 20 млн 450 мың текше метр тұщы су жеткізді. Бұл көрсеткіш 2024 жылғы осындай кезеңнің деңгейінде қалды.