Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

27 жыл ішінде «ҚазТрансОйл» АҚ 1 млрд тоннадан астам мұнай тасымалдады

02.04.2024

1997 жылы құрылған күннен бастап «ҚазТрансОйл» АҚ 1 млрд 128 млн тонна мұнай тасымалдады. Жүк айналымының жалпы көлемі 825 млрд тоннадан астам км құрады, 2 347 км учаскелер мен магистральдық мұнай құбырлары салынды және ауыстырылды. Сонымен қатар, көрсетілген уақыт кезеңінде компанияның салық төлемдерінің сомасы 500 миллиард теңгеден асты. Мұндай негізгі нәтижелерге компания құрылған сәттен бастап қол жеткізілді.

Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ ұзындығы 5,4 мың км магистральдық мұнай құбырларының әртараптандырылған желісіне ие болып отыр. Компания мұнайды қазақстандық мұнай өңдеу зауыттарына және экспортқа 5 бағыт бойынша тасымалдайды: «Атырау-Самара» және «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырлары, Ақтау порты (танкерлерге мұнай құю), Қазақстан Республикасының аумағында «Каспий Құбыр Консорциумы- К» АҚ жүйесіне ауыстырып тиеу темір жол (цистерналарға құю).

Ширек ғасырдан астам тарихта Қазақстан Республикасының магистральдық мұнай құбыры жөніндегі ұлттық операторы елімізде өндірілетін барлық мұнайдың шамамен 40% және отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізілетін мұнайдың 90% тасымалдап, осы салада жетекші орны алып отыр.

«ҚазТрансОйл» АҚ құрылған күннен бастап өіне тиесілі мұнай құбыр жүйелері арқылы шикізат тасымалдау көлемі екі есеге жуық өсті. Компания 1997 жылы шамамен 23 миллион тонна мұнай тасымалдаған болса, бүгінде бұл көрсеткіш 44 миллион тоннадан асып түсті.

«ҚазТрансОйл» АҚ мұнайды тасымалдау және тиеу бойынша қолданыстағы қуаттардың бәсекеге қабілеттілігі мен сенімділігін арттыруға және жаңа қуаттарды салуға бағытталған магистральдық мұнай құбырлары жүйесін дамыту бойынша үлкен жұмыс атқарды. Елдің магистральдық мұнай құбырларының батыс және шығыс желілері интеграцияланды. «Кеңқияқ-Атырау», «Әлібекмола-Кеңқияқ», «Солтүстік Бозашы — Қаражанбас», «Атасу-Алашаңқай», «Кеңқияқ-Құмкөл» мұнай құбырлары пайдалануға берілді, «Атырау-Самара» мұнай құбырының, Ақтау портының, сондай-ақ бірнеше темір жол құю және тиеу терминалдарының мүмкіндіктері арттылыды. Көлемі мен күрделілігі жағынан бұл орасан зор жұмыс мұнай құбырлары жүйесінің қауіпсіздігі мен сенімділігін арттырып қана қоймай, Қазақстанның экспорттық әлеуетін нығайтуға мүмкіндік берді.

Мысалы, бүгінде Қазақстан-Қытай құбырының қуаты Қытайға мұнайдың үлкен көлемін экспорттауға мүмкіндік береді. Мәселен, 2022 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ мен «Роснефть» ҰК» ЖАҚ арасында жылына 10 млн тонна көлемінде жеткізіліммен Қытайға мұнай транзитін 10 жылға (2033 жылғы 31 желтоқсанға дейін) ұзартуды көздейтін мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметтерді ұсынуға арналған негізгі шартқа қосымша келісімге қол қойылды.

Бұдан басқа, «ҚазТрансОйл» АҚ Ресей мұнайының Өзбекстанға транзитін жүзеге асыруды жалғастыруда. 2024 жылы Ресей мұнайының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзитінің көлемі жылына 550 мың тоннаға дейін ұлғаяды. 2023 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ Өзбекстан Республикасына 154,3 мың тонна Ресей мұнайын тасымалдады.

Экспорттың тағы бір маңызды бағыты — «Атырау-Самара» бағыты. 2023 жылдың басынан бастап «ҚазТрансОйл» АҚ Германияға одан әрі жеткізу үшін «Адамова застава» мұнай тапсыру пунктінің бағыты бойынша «Транснефть» ЖАҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы қазақстандық мұнайды экспорттауды жүзеге асыра бастады. Энергия ресурстарының бір бөлігі теңіз арқылы Ақтау теңіз портымен тасымалданады. Атап айтқанда, Ақтау портынан қазақстандық мұнай Баку порты мен Махачкала портына қарай жөнелтіледі.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдауды ұлғайтуды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Әзірбайжан Республикасының мемлекеттік мұнай компаниясы SOCAR «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағытында Теңіз кен орнынан жылына 1,5 млн тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасасты. 2024 жылғы наурызда тараптар Ақтау теңіз порты — «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша қазақстандық мұнайды тиеп-жөнелту көлемін жылына 2,2 млн тоннаға дейін ұлғайтуды көздейтін Әзірбайжан Республикасының аумағы арқылы қазақстандық мұнай транзитінің көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісімге қол қойды. Мұның бәрі отандық мұнай тасымалдау саласының дамуына жақсы серпін береді.

Транзиттік мемлекеттердің аумақтары бойынша мұнай транзитін қамтамасыз ету үшін шарттық база құрылды. Компанияларға отандық және шетелдік серіктестер сенеді. Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ 80-нен астам мұнай кәсіпорындарына қызмет көрсетеді. «Транснефть» ЖАҚ, «Укртранснафта» ААҚ, «Гомелтранснефть Дружба» ААҚ сияқты мұнай құбыры жүйелерінің операторларымен келісімдерге қол қойылды.

Қазақстанда мұнай тасымалдауды басқару процесін цифрландыру шеңберіндегі ірі жоба «ҚазТрансОйл» АҚ-ға диспетчерлік бақылау және басқару жүйесін (SCADA) енгізу болды. 2003 жылы басталған жоба бірнеше даму кезеңдерінен өтіп, 2018 жылы аяқталды. Осылайша, өндірістік эволюция нәтижесінде мұнай тасымалдауды жедел басқарудың төрт деңгейлі жүйесінен 2018 жылы мұнай тасымалдауды жедел басқарудың екі деңгейлі жүйесіне көшуге мүмкіндік туды. Диспетчерлік бақылау және басқару жүйесі (SCADA) мұнайды тасымалдаудың технологиялық процестерін үздіксіз басқаруды және бақылауды (диспетчерлеу), технологиялық жабдықты қашықтықтан басқаруды жүзеге асырады. Барлық осы мүмкіндіктер жедел әрекет етуге және техникалық міндеттерді шешуге, апаттық жағдайлардың туындау қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Осылайша, бас диспетчерлік басқару еліміздің он бір облысында географиялық тұрғыдан бөлінген сегіз технологиялық учаскені орталықтандырылған басқаруды жүзеге асырады, олардың жұмысын үйлестіреді.

Маңызды әлеуметтік маңызды оқиғалардың бірі «Астрахань — Маңғышлақ» магистральдық су құбырын қайта жаңарту және кеңейту — 1-ші кезең» жобасын іске асырылуы.

Жобаның басты мақсаты «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық су құбырының өткізу қабілетін арттыру және қолданыстағы тапшылықтың орнын толтыру үшін тозған жабдықты жаңарту болып табылады. Атырау және Маңғыстау облыстарының су тұтыну көлемінің перспективалық өсуін ескере отырып, бұл жобаны іске асыру жергілікті тұрғындар үшін әлеуметтік тұрғыда өте маңызды.

2012 жылы «ҚазТрансОйл» АҚ «Халықтық IPO» мемлекеттік бағдарламасының пионері болғанын атап өту маңызды. «ҚазТрансОйл» АҚ  акцияларын қазақстандық қор биржасында сәтті орналастыру азаматтарымыздың отандық экономикаға инвестициялау ісіне сеніммен қарауға мүмкіндік берді. Мыңдаған қазақстандықтар инвестициялық тартымдылығы жоғары ірі мемлекеттік кәсіпорынның тең иесі болудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.

Осы жобаны іске асырудың арқасында Қазақстан халқының едәуір бөлігі өзінің қаржылық сауаттылық деңгейін едәуір арттырды. «ҚазТрансОйл» АҚ акциялары KASE алаңындағы өтімді акцияларының қатарына кіреді. 11 жыл ішінде акционерлерге 1 акцияға шаққанда 1 171,71 теңге дивиденд төленді.

Компанияның тұрақтылығына оның ауқымды жоспарлары да дәлел. Компания үшін ғана емес, жалпы Қазақстан Республикасы үшін де аса ірі және стратегиялық маңызды инвестициялық жобалардың бірі «Қазақстан — Қытай» магистральдық мұнай құбырлары жүйесінің құрылысы болып табылады. Бүгінгі таңда компания «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырының қуатын жылына 20 млн тоннаға дейін арттыруды көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруды аяқтауда. Сонымен қатар, компания мұнай тасымалдаудың сенімділігі мен апатсыздығын сақтай отырып, өндірістік әлеуеттің тиімділігін арттыру бойынша жан-жақты жұмыс жалғастыруда.

Компания сондай-ақ өндірістік қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау, өз қызметкерлерін дамыту және әлеуметтік қолдау мәселелерін қоса алғанда, орнықты даму саласындағы тәжірибені жақсартады.

Компания қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді, әлеуметтік міндеттемелерді орындайды, қызметкерлердің білімі мен біліктілігін арттыруға инвестиция салады, сондай-ақ мұнай құбырларының жаңа буыны үшін жұмыс орындарын құрады. Бүгінгі таңда «ҚазТрансОйл» АҚ персоналы 6 мыңнан астам қызметкерден тұрады. Олардың барлығын– Қазақстанның дамуы үшін мұнайды сенімді және үздіксіз тасымалдау біріктіреді!

«ҚазТрансОйл» АҚ — магистральдық мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ тобына кіреді. Ұзындығы 5,4 мың км әртараптандырылған магистральдық мұнай құбыры желісіне иелік етеді. 

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>