Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан қазақстандық мұнай экспортының көлемі 50%-ға артты

11.12.2023

«ҚазТрансОйл» АҚ («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес компаниясы) 2023 жылдың 11 айында Ақтау портынан Қазақстан мұнайының 3 млн 62 мың тоннасын экспорттады. Бұл былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1 млн 14 мың тоннаға немесе 50%-ға артық.

Қазақстан мұнайын Ақтау портынан экспортқа тасымалдау көлемінің артуы Баку портына қарай жөнелтілетін шикізат көлемінің 205 мың тоннадан 1 миллион 238 мың тоннаға дейін ұлғаюымен байланысты, бұл 2022 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 6 есе көп. Сонымен қатар, есепті кезеңде Ақтау портынан Махачкала портына қарай 1 млн 824 мың тонна мұнай жөнелтілді.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырды. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзербайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>