Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Ақтөбеде «Қазақтүрікмұнай» ЖШС қызметіне қатысты жиын өтті

21.02.2025

Ақтөбе облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің қызметіне қатысты жиын өткізді. Компанияның 2024 жылғы жұмысы қорытындыланып, 2025 жылға арналған негізгі міндеттері анықталды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 439,5 мың тоннаны құрап, жоспарлы көрсеткіштен (434,8 мың тонна) артық болды.

2025 жылы компания 448,7 мың тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр.

Жиында «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-нің 2018-2028 жылдарға арналған кен орындарды қосымша барлау жөніндегі жол картасын іске асыру мәселелері, ілеспе мұнай газын өңдеу жоспарлары қаралды.

2024 жылы желтоқсан айында ҚМГ-ның еншілес кәсіпорны – «Қазақтүрікмұнай» ЖШС Қаражар учаскесінде тереңдігі 3000 метр алғашқы іздеу ұңғымасын бұрғылау жұмыстарын бастады. Бұл учаске — Каспий маңы шөгінді бассейнінің шығыс жиегінде орналасқан, пермо-триас кезеңіндегі шөгінділерден тұратын қыртыс асты тұзақ.

Бұл учаскеде барлау бұрғылау жұмыстары геологиялық құрылымды зерттеу және мұнай-газ қорын бағалауға бағытталған.

Бұл жұмыстар — көмірсутек қорын толықтыру және өңірдің ресурстық базасын нығайтуға қатысты ҚМГ стратегиясының бір бөлігі.

Қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту шаралары туралы айтсақ, компания 2024 жылы тұрғын үй және инфрақұрылымдық нысандарды жөндеп, Шығыс Сазтөбе кен орнында спорт алаңдарын салды. Маңғыстау және Ақтөбе облыстарындағы вахталық қалашықтарда техникалық жөндеу жұмыстары атқарылды.

Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы өндірудің тұрақты көлемін сақтап тұру, операциялық тиімділікті арттыру, қосымша барлауды белсенді жүргізу бойынша тапсырмалар берді.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>