Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Каспий құбыр консорциумы Атырауда 900 орынға арналған жаңа мектеп ашты

20.03.2025

Атырау қаласында жаңа мектептің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға Атырау облысының әкімі Серік Шапкенов және Каспий құбыр консорциумының (КҚК) бас директоры Николай Горбань қатысты. Талқайран шағын ауданында 900 орынға арналған мектептің құрылысы 2022 жылы басталған. Содан бері КҚК қаражатына жалпы ауданы 12 мың шаршы метрден асатын үш қабатты ғимарат салынып бітті.

 Мектепте әрқайсысы 25 адамға есептелген 36 сынып бар. Барлық аудитория заманауи жабдықтармен жабдықталған. Зертханаларда су құбыры, қосымша желдету жүйелері мен компрессорлар қойылды. Шет тілдер кабинеттерінде лингафон-мультимедиялық жабдықтар орнатылды. Сонымен қатар мектепте бірнеше шеберхана мен аспаздық кабинеті бар.

Мектепте оқу сыныптарынан басқа екі кітапхана, медициналық пункт, екі спорт залы, 210 адамға арналған акт залы және 312 орындық асхана жұмыс істейді.

Үш гектарды алып жатқан мектеп жанындағы аумаққа футбол стадионы, жүгіру жолақтары, спорттық тренажерлар аймағы, теннис корты және волейбол алаңы кіреді.

КҚК сондай-ақ алдағы үш жылда Атырауда Жастар үйін салуды жоспарлап отыр. 2001 жылдан бастап Консорциум Қазақстанда жыл сайын қайырымдылық жобаларына шамамен $3 млн бөледі. Мұндай жобалардың ішінде мектептер, балабақшалар мен медициналық мекемелерді салу және реконструкциялау жобалары бар. Атырау облысының аумағында КҚК мұнай тасымалдау нысандары орналасқан, солардан тек 2024 жылы ел бюджетіне салық төлемдері түрінде $85 млн аударылды.

Анықтама: КҚК құбыр жүйесі — ТМД аумағындағы энергетика саласының ірі жобаларының бірі. Теңіз—Новороссийск құбырының ұзындығы 1 511 км. Бұл бағыт бойынша экспортқа жөнелтілетін Қазақстан мұнайының үштен екі бөлігінен астамы, сондай-ақ Ресей кен орындарынан, соның ішінде Каспийде орналасқан кен орындарынан шикізат тасымалданады. КҚК акционерлері:  Ресей Федерациясы — 24%, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ — 19%, Kazakhstan Pipeline Ventures LLC — 1,75%, Chevron Caspian Pipeline Consortium Company — 15%, Лукойл Интернешнл Гмбх — 12,5%, Mobil Caspian Pipeline Company — 7,5%, Rosneft-Shell Caspian Ventures Limited — 7,5%, «КТК компаниясы» МК (ЖШҚ) — 7%, BG Overseas Holdings Limited — 2%, Eni International N.A.N.V. S. ar.l. — 2% және Oryx Caspian Pipeline LLC — 1,75.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>