ҚМГ мен КПО ынтымақтастық мәселелерін талқылады
14.06.2024
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов 14 маусымда Астанада Karachaganak Petroleum Operating B.V. (КПО) компаниясының Бас директоры Марко Марсилимен кездесті. Тараптар Қарашығанақ кен орнында қуаттылығы жылына 4,5 млрд текше метр шикі газды қайта өңдеу зауытын салу жобасының ағымдағы жағдайын талқылады.
Сондай — ақ, қазіргі уақытта өндіру деңгейін жылына 10-11 млн тонна деңгейінде ұстап тұру үшін кен орнының операторы Қарашығанақты кеңейту — қаттық қысымды ұстау және қаттың мұнай беруін арттыру мақсатында қатқа газды кері айдаудың қосымша 5-ші және 6-шы компрессорларын орнату жобасы іске асырылуда. Батыс Еуропаның қазақстандық көмірсутектерге сұранысы аясында Қарашығанақ мұнайын экспорттау тақырыбы да қозғалды.
Былтыр Қарашығанақ мұнайы 1 млн тонна шамада «Қазтрансойл» және «Транснефть» көлік жүйелеріне бойынша алғаш рет Германияға тасымалданды. 2024 жылдың 5 айынында 500 мың тонна мұнай жеткізілді.
Қазіргі уақытта 2024 жылдың соңына дейін көлемі 1 млн-нан астам тонна мұнай тасымалданады деп болжануда. Тараптар кездесу қорытындысында бұл бағыттың өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында жалғасатынан мақұлдады.
Анықтама
Karachaganak Petroleum Operating B. V. (КПО) — әлемдегі ең ірі газ конденсатты кен орындарының бірінің операторы. Қарашығанақ кен орны 1979 жылы ашылған, Қазақстанның солтүстік-батысында орналасқан. КПО бірлескен кәсіпорын «Эни СпА» (29,25%), «Шелл плс» (29,25%), Шеврон (18%), «Лукойл» (13,5%) және ҚМГ (10%) және қызметін халықаралық консорциум серіктестері қол қойған өнімді бөлу туралы түпкілікті келісім (ӨБК) бойынша жүзеге асырады. 1997 жылғы қарашада Қазақстан Үкіметі ӨБК қол қойылған сәттен бастап кен орнын игеруге 31,3 млрд АҚШ доллары астам инвестиция салынды. 2023 жылы Қарашығанақ кен орнындағы көмірсутек шикізатын өңдіру көлемі шамамен 143 млн баррель мұнайды құрады.