Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Асхат Хасенов ҚМГ-да енгізіліп жатқан инновациялық технологиялар туралы айтып берді

31.03.2026

Бүгін Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшысы Асхат Хасенов ұлттық компанияда енгізіліп жатқан инновациялық технологияларды таныстырды.

А.Хасенов атап өткендей, ҚМГ Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) дамыту бағдарламасы аясында 80 технологиялық міндеттен тұратын ғылыми-зерттеу жобалары кешенін іске асыруда. Қаржыландыру көлемі 17,3 млрд теңгені құрайды. Бұл шаралар бүкіл өндіріс тізбегі бойынша жаңа технологияларды енгізу жолымен компаниядағы, тұтас саладағы басты әрі жүйелі сын-қатерлерді шешуге бағытталған.

— Геологиялық барлау секторында ҚМГ бес негізгі мұнайлы-газды атырабының бассейндік модельдеуін жасады. Ол жерде еліміздің 100% жуық көмірсутек қоры шоғырланған. Нәтижесінде шамамен 4,7 млрд тонна шартты отынның қоры бар 22 геологиялық барлау жобасынан тұратын портфель қалыптастырылды, — деді ҚМГ басшысы.

Деректерді нақтылау үшін ҚМГ дала жұмыстарын 20% жеделдететін сымсыз сейсмикалық қабылдағыштарды, сондай-ақ жетуі қиын жерлерде жұмыс істеу үшін электр-магниттік импульс көздерін енгізіп жатыр. Сейсмикалық барлау саласындағы бұл технологиялар бұрын-соңды Қазақстанда қолданылмаған.

— Жалпы, ҚазМұнайГаз ұлттық компания ретінде аса күрделі және тәуекелі көп жобаларды іске асыру арқылы геологиялық барлау стратегиясын терең және аз зерттелген учаскелерге бағыттап отыр, — деп атап өтті А.Хасенов.

Оның айтуынша, ұлттық компанияның операциялық активтерінде мұнайдың алынатын қалдық қоры шамамен 445 млн тоннаны құрайды, бұл ретте оның 50% астамы қиын өндірілетін қорға жатады. Оларды игеру үшін полимерлік су айдау технологиясы қолданылады, яғни айдалатын суға тұтқырлығы жоғары мұнайды жер қабатынан шығару тиімділігін еселейтін арнайы қоюландырғыш заттар қосады. Сонымен қатар Slim Hole немесе шағын диаметрлі ұңғымаларды бұрғылау әдісі қолға алынды, нәтижесінде 2025 жылы шығын көлемі 30% қысқарды. 

Бұдан бөлек, сағасы 45° көлбеу ұңғымалар бұрғылана басталды, бұл қосымша 2,2 млн тонна қорды игеруге мүмкіндік берді.

ҚМГ ескі кен орындарында өндіру көлемін ұстап тұру үшін жаңа технологияларды барынша енгізуде. Мұнай алуды ұлғайту әдістерін қолдануды көздейтін Технологиялық сын-қатерлер бағдарламасы аясында 2025 жылы қосымша 434 мың тонна мұнай өндірілді.

Сонымен қатар қор деңгейінің 90% жуығын құрайтын 12 негізгі кен орнында цифрлық сыңарларды енгізу жұмыстары басталды. Бұл — нақты уақыт режімінде өндіру сценарийлерін есептейтін және өндіруді жыл сайын 3% дейін ұлғайтуға мүмкіндік беретін кен орындардың виртуалды көшірмесі. Аталмыш шаралардың Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылында маңызы артып отыр. 

Негізгі басымдықтардың бірі ҚМГ-ның мұнай өңдеу зауыттарының сенімділігін одан әрі арттыру болып қала бермек. Заманауи катализаторлар мен қоспаларды пайдалану, технологиялық процестерді автоматты басқару, сондай-ақ пештерді кокстен онлайн тазарту сияқты жаңа технологиялық шешімдерді енгізу бағытындағы жүйелі жұмыс есебінен 2029 жылға қарай жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 83%, өңдеу тереңдігі 92% дейін жеткізіледі деп жоспарлануда.

ҚМГ-ның экология саласындағы қазіргі бастамалары қатарында Jet A-1 авиаотынын өндіру және биоэтанолдан SAF жаңартылатын авиациялық отынын әзірлеу бар, ол бойынша жобалық жұмыстар биыл басталады. ҚазМұнайГаз төмен көміртекті даму бағытында суды электролиздеу жолымен өндірілетін, қуаты 20 кВт болатын жасыл сутекті шығаратын эксперименттік қондырғы жасады. Сонымен қатар компанияның ғалымдары сутекті қауіпсіз сақтау әрі тасымалдауға арналған бірегей қорытпаларды әзірлеуде.

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетімен ынтымақтастық аясында карбамидті қаптауға арналған күкірт полимерін шығару бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Бұл ауыл шаруашылығында тыңайтқыштарды қолданудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Айта кетсек, ҚМГ CNPC-мен бірлесіп Ақтөбе облысында қуаты жылына 800 мың тонна карбамид өндіретін жобаны іске асыруда. Кәсіпорынның іске қосылуы 2029 жылға жоспарланған.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ

>