Қаріп өлшемі:
+A
-A
Режим:
Қалыпты режимге оралу
Көру қабілеті нашар адамдар үшін

Жанайдар Жандельдинов «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бас директоры болып тағайындалды

02.11.2026

KPI-дың жаңа бас директорын ұжымға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры Саятай Әліпбаев таныстырды.

Жанайдар Жандельдинов 2008 жылы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетін «Органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша тәмамдаған. 2010 жылы осы мамандық бойынша магистр дәрежесін алған.

Оның халықаралық мұнай өңдеу саласында тәжірибесі бар, сондай-ақ ҚМГ жүйесінде түрлі лауазым атқарған.

Еңбек жолын 2008 жылы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-де технологиялық қондырғылар операторы болып бастаған. Әр жылдары осы кәсіпорында жаңа техника мен технологияны енгізу жөніндегі инженер, жетекші инженер-технолог болып жұмыс істеді.

2014 жылдан бастап KMG International жүйесінде еңбек етіп, жобалау инженері, инжиниринг бөлімінің бастығы, өндіріс жөніндегі директор, сондай-ақ KMG Rompetrol SRL компаниясының (Румыния) «Петромидия» мұнай өңдеу зауыты бас директорының орынбасары болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін KMG Rompetrol SRL компаниясында өндіріс және өнеркәсіптік қызметтер жөніндегі бас директор лауазымын атқарып келді.

KPI-дің жаңа басшысы алдына зауыттың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, операциялық тиімділікті арттыру, технологиялық процестердің сенімділігін күшейту және шығарылатын өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету міндеттері қойылды.

Анықтама:
«Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС – Атырау облысында орналасқан полипропилен өндіретін Қазақстандағы алғашқы интеграцияланған газ-химиясы кешені. Ол 2022 жылы пайдалануға берілді. Зауыт өнімдері ішкі нарыққа және экспортқа жөнелтіледі.

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ