KPI Түркістандағы өнеркәсіптік көрмеде өз өнімін таныстырды
22.04.2025
Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. компаниясы (KPI — «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны) SPK Turkistan индустриялық паркінде өткен өнеркәсіптік көрмеге қатысты. Көрмені Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов аралады.
KPI компаниясының стендінде Атырау облысындағы зауытта өндірілген түйіршік түріндегі полипропилен таныстырлып, одан жасалатын дайын өнім үлгілері (кілем өнімдері, жиhаз және тұрмыстық бұйымдар, өнеркәсіптік бөлшектер және т.б) көрсетілді.
Компания өкілдері кәсіпорынның жобалық қуатқа шығу жоспарын, ішкі нарықтағы қайта өңдеу үлесін арттыруға үлес қосу, орталық Азия, Түркия және Қытайға экспорттық әлеуетті кеңейту жоспарлары туралы баяндады.
Бүгінде KPI өнімдері құрылыс, машина жасау, қаптама, тоқыма және жиһаз өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.