2025 жылдың I тоқсанында KPI зауытында полипропилен өндірісі 69%-ға артты
19.05.2025
2025 жылдың бірінші тоқсанында «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI - «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес кәсіпорны) зауытында полипропилен өндіру көлемі 69,1%-ға артты және 47,7 мың тоннаны құрады (ҚМГ үлесіне). Бұл өндірілетін маркалар санының біртіндеп ұлғаюына, 2024 жылдың бірінші тоқсанындағы 2 маркадан есепті тоқсандағы 10 маркаға дейін және зауыттың өндірістік қуатқа біртіндеп шығуына байланысты.
2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда полипропиленді сатудың жалпы көлемі 50,5% өсті және 44,7 мың тоннаны құрады:
Полипропиленді ішкі нарыққа сату көлемі 122,3% ұлғайды және 4,0 мың тонннаны құрады. Полипропиленді экспортқа сату көлемі 45,9%-ке артты және 40,7 мың тоннаны құрады, жеткізілімнің өсуі көбінесе Түркия мен Ресей бағытында болды.