KPI полипропилен өндірісін ұлғайтып жатыр
18.05.2026
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) газ-химия кешеніне барды.
ҚМГ басшысы пропанды дегидрлеу (PDH) мен полимерлеу (PP) қондырғыларын және технологиялық блоктардың жұмыс барысын қарап шықты. Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша KPI тұрақты өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізіп, 131 мың тонна полипропилен өндірді.
Сату көлемі де айтарлықтай артқан. 2026 жылдың төрт айында полипропиленді сату көлемі 9% өсіп, 131 мың тоннадан асты. Ішкі нарықты қамтуға ерекше мән беріліп, Қазақстанда өнім өткізу көлемі 23% ұлғайып, 14,4 мың тоннаны құрады. Бұл өсімге кәсіпорынның өңірлік қоймалары елеулі үлес қосып отыр. Отандық өңдеуші кәсіпорындардың сенімі де арта түскен. Бұл кезеңде қайта өңдеуші клиент-компаниялар саны 157-ден 171 жетті.
Жөнелту қарқынының артуымен бірге экспорт географиясы да кеңейіп келеді. Атап айтқанда, Еуропа нарығына өнім жеткізу көлемі 235% өсіп, 62,3 мың тоннаға жетті. KPI жаңа нарықтарды игеруді жалғастырып жатыр. 2026 жылдың наурыз айында Солтүстік Африка елдеріне 198 тонна көлемінде полипропилен жөнелтілді.
KPI-дің басты стратегиялық бағыттарының бірі – жөндеуге тоқтау кезеңдерінің арасын ұзарту. Өндірістің тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудегі маңызды талаптардың бірі – апаттық-техникалық қорды алдын ала жасақтау.
Цифрландыру бағыты бойынша KPI жасанды интеллектіні қолдану арқылы болжамды талдау жүйесін енгізіп жатыр. Бұл негізгі жабдықтардың жай-күйін үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта аталған тәжірибені кеңейтіп, тәуекелге негізделген заманауи қызмет көрсету моделіне көшу үшін Meridium APM бизнес-процесін енгізу жоспарланған.
ҚМГ басшысы технологиялық желілерді барынша толық қуатқа шығаруды жалғастыруды, ұзақ жөндеуаралық кезеңдерге дайындықты күшейтуді және цифрлық шешімдерді енгізу қарқынын жеделдетуді тапсырды.