KPI зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды
28.08.2026
2026 жылғы 28 тамызда «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС-де (KPI) өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңының талаптарына және Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сәйкес жоспарлы алдын алу жұмыстары (ЖАЖ) басталды.
Жоспарлы алдын алу жұмыстары жабдықтардың сенімділігін, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жалпы өндірістік тиімділікті арттыру үшін жүргізіледі.
Аталмыш жұмыстар аясында 82 бірлік жылу алмастырғыш жабдықты міндетті техникалық куәландыру, сондай-ақ 56 бірлік құбырды тексеру жоспарланған.
ЖАЖ кезіндегі ірі іс-шаралардың қатарында пропанды дегидрлеу реакторларындағы катализаторды ауыстыру, сондай-ақ негізгі компрессорлар мен регенерациялық ауаны жылыту пештерінде жұмыстарды атқару көзделген.
Кешенді іс-шараларға 765-ке жуық маман және 27 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. ЖАЖ барысында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылатын болады.