Marvik Partners KPI полипропиленінен спанбонд өндіреді
28.09.2026
Шымкент қаласында полипропиленді өңдеп, дайын өнім шығаратын кәсіпорындардың бірі — Marvik Partners. Компания медицинада, ауыл шаруашылығында және құрылыста қолданылатын тоқыма емес материал санатындағы спанбонд өндіреді.
Marvik Partners зауыты 2025 жылғы желтоқсанда іске қосылған. Жобаға шамамен 4,7 млрд теңге инвестиция салынып, 136 тұрақты жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты жылына 5 мың тоннаға дейін спанбонд шығаруға есептелген.
KPI өндірісі іске қосылғанға дейін Қазақстанда мұндай кәсіпорын болған жоқ. Зауыт іске қосылғаннан бергі Marvik Partners-тың негізгі шикізат жеткізушісі — KPI. Қазіргі таңда компания айына 150 тоннаға дейін полипропиленін сатып алады.
Marvik Partners KPI полипропиленінен ауыл шаруашылығына арналған агроталшық, сондай-ақ құрылысқа қажетті үлдір мен мембраналар шығарады. Өнім ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында қолданылады.
Бұған дейін спанбонд Қазақстанға Қытай, Ресей және Түркиядан импортталатын. Бүгінде бұл өнім Шымкентте өндіріліп, Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де жеткізіледі.
KPI-дің өңірлердегі қойма инфрақұрылымын дамытуы Marvik Partners үшін шикізат жеткізуді ыңғайлы ете түсті. Қазір компания полипропиленді KPI-дің Шымкенттегі өңірлік қоймасынан да алады.